ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫ КӨКШЕТАУДА ӨТТІ

 

Бүгін Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Республикамыздың тоғыз өңірінен келген жасөспірімдер командалары елішілік чемпионатты тамыздың 3 жұлдызында бастаған болатын.

      2000-2002 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты Көкшетау қаласының іргесіндегі «Құлагер» ипподромында өтті. Көкпардан, Аударыспақтан, Теңге ілуден VII рет, ал, Жамбы атудан   ІV рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатының бәсекесінде Алматы қаласы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының жасөспірімдері бақ сынады. Биылғы чемпионаттан  Астана қаласының, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының командалары шет қалды.

Еске салып өтсек, ересектер арасындағы чемпионатта да көкпардың бас жүлдесін түркістандықтар, күміс жүлдесін тараздық көкпаршылар қанжығаларына байлаған болатын. Алдарындағы аға буын көкпаршылар жеткен жетістіктен жасөспірімдер де төмендемеді. Көкшетеудағы жасөспірімдер чемпионатында да Түркістан облысының командасы бас жүлдені талассыз жеңіп алды. Күміс жүлде Жамбыл облысының жастарына, қола жүлде Ақтөбе облысының жастарына бұйырды.

Биылғы елішілік чемпионаттарда ат үстінен ұлттық садақ атуға құмар мерген қыздар қатарының көбейгені байқала бастады. Мысалы, Астана өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Жамбы атудан Қалауова Әлия есімді мерген қызымыз жақсы өнерімен ерекшеленген болатын. Ал, Көкшетауда өткен жасөспірімдер чемпионатына  қатысқан алматылық мерген қыз – Дидарова Рамиша жиыны 23 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық спорттың жоғарыда айтылған төрт түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытынды нәтижелері төмендегідей.

Жамбы атудан  жасөспірімдер арасындағы ІV ҚР Чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын – Серікболсын Жалғасұлы  (Жамбыл облысы)

2 орын – Батыр Бексауыт    (Түркістан облысы)

3 орын – Дидарова Рамиша (Алматы қаласы)

3 орын – Белялов Руслан (Ақмола облысы)

Теңге ілуден  жасөспірімдер арасындағы VII ҚР Чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын – Серіков Бекнұр  (Батыс Қазақстан облысы)

2 орын – Қамбаров Рахат    (Түркістан облысы)

3 орын – Қален Елдос (Алматы облысы)

3 орын – Ахмедвалий Әбдіғалы  (Ақмола облысы)

Аударыспақтан  жасөспірімдер арасындағы VII ҚР Чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

40 келі салмақта:

1 орын – Қамбаров Бекзат (Түркістан облысы)

 2 орын – Макашев Ерболсын   (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын – Шияп Жантөре (Ақмола облысы)

3 орын – Жапаров Айбек (Жамбыл облысы)

50 келі салмақта:

1 орын – Құралбай Ермек (Түркістан облысы)

 2 орын – Мағжанов Жасұлан (Ақмола облысы)

3 орын – Музарап Диасқожа  (Қызылорда облысы)

3 орын – Исақұл Еснұр  (Жамбыл облысы)

60 келі салмақта:

1 орын – Өткелбай Дарын (Түркістан облысы)

 2 орын – Беріков Мирас  (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын – Лесбек Дарын  (Жамбыл облысы)

3 орын – Балаев Айдос (Алматы қаласы)

70 келі салмақта:

1 орын – Расул Құрайыш (Түркістан облысы)

 2 орын – Тұрсынбаев Бекарыс   (Ақтөбе облысы)

3 орын – Совет Асхат   (Ақмола облысы)

3 орын – Төлегенов Асланбек (Батыс Қазақстан облысы)

+ 70 келі салмақта:

1 орын – Тимофеев Виктор  (Ақмола облысы)

 2 орын – Ілебай Мейірбек   (Алматы қаласы)

3 орын – Есенғарин Аслан  (Ақтөбе облысы)

3 орын – Ағабек Ғабит (Түркістан облысы)

Көкпардан  жасөспірімдер арасындағы VII ҚР Чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын – Түркістан облысының командасы

 2 орын – Жамбыл облысының командасы

3 орын – Ақтөбе облысының командасы

3 орын – Алматы қаласының командасы

Төлеген Жәкітай

Қауымдастықтың желідегі парақшалары