Жамбы ату

ЖАМБЫ АТУДАН ЖАҢА ЧЕМПИОН ШЫҚТЫ

Бүгін Жамбыл өңірінде Жамбы атудан өткен Қазақстан Республикасының V  чемпионаты аяқталды. Қызылордалық жас мерген Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді.

         Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Жамбы ату  чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды.  «Қалқан ату» бәсекесі мен   «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен бұл елішілік басты жарыста Қызыорда облысы  командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін жүлдегер болған Қызылорда облысының бас мергені Ғалымжан Өміртай бұл жолы «Жамбы ату» бәсекесінде жеке-дара шықты.  Ғалымжанның мергендігі Халықаралық жарыстар жүлдегері, Әлем чемпионы атанған Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Айтбек Сарыбай сынды  еліміздің әйгілі мергендерінен  асып түскені, ұлттық спорт мамандарының өзін таң қалдыруда.  Жебесін алтын жамбы мен күміс жамбыға кезек-кезек қадаған Ғалымжан мерген ең көп ұпай жинап, бесінші мәрте өткізілген Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қос кезең бойынша алғашқы бестіктен орын алған спортшылар:  Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) – 29 ұпай,  Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы) – 25 ұпай, Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) – 20 ұпай, Талғат Омарбеков (Қарағанды облысы) – 13 ұпай, Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы) – 10 ұпай.

          Суретте: 2019 жылғы Қазақстан чемпионы Ғалымжан Өміртай. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы туған. Жамбы ату спортымен айналысқанына 3 жыл. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін жүлдегері.  Жаңақорған аудандық №7 спорт мектебінің жаттықтырушысы.

 

 

Жамбы атудан Қазақстан Республикасының V  чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

І орын – Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы)

ІІ орын – Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)

Суретте: 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, «Алтын жебе» халықаралық турнирінің жүлдегері, Әлем чемпионы, Жамбыл облысы командасының бас мергені Абзал Тулыбеков.

Суретте: 2019 жылғы Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысып, бесінші орынды иеленген Нұр-Сұлтан қаласы командасының  бас мергені Диас Ахметов.

 

Жамбы атудан Қазақстан Республикасының V  чемпионатына қатысқан спортшылар тізімі:

Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы)

Азамат Нұртаев (Ақмола облысы)

Талғат Омарбаев (Қарағанды облысы)

Еламан Қинаят (Павлодар облысы)

Мақсат Исин (СҚО)

Әлия Бекен (СҚО)

Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы)

Әли Ибрагим (Қызылорда облысы)

Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы)

Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы)

Қасиет Шыңғысбаева (Нұр-Сұлтан қаласы)

Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)

Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы)

Ерлан Юсупов (ШҚО)

Самат Қалиев (Жамбыл облысы)

Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы)

Дәулетхан Жұмахан (Қостанай облысы)

Қазыбекби Қабиев (Маңғыстау облысы)

Әлия Камалова (Алматы қаласы)

Серік Әлібаев (Алматы қаласы)

Орынбасар Әжіғалиев (Атырау облысы)

Жанәділ Ғазезов (БҚО)

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары