ЖАМБЫ АТУДАН БАБАЖАН БАҚДӘУЛЕТ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Бүгін  Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатында Жамбы ату спортының жеңімпазы анықталды. Жас мергеніміз Бабажан Бақдәулет Азия чемпионы атанды.

Суретте: Жамбы атудан Азия чемпионы Бабажан Бақдәулет. 

Еске салып өтелік, Жамбы ату сайысы үш түрлі стильде өтті. Әуелі «Азиялық стильде» бақ сынаған мергендер арасында ұпай санымен Айкөз Ералхан алғашқы орыннан көрінді. Ұпай саны – 27,1. Ералхан  бұған дейін екі мәрте ересектер арасындағы «Алтын жебе» турнирінің күміс, қола жүлделерін иеленген айтулы мергеніміз.

Суретте: Жамбы атудан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының күміс жүлдегері, «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екі дүркін жүлдегері Ералхан Айкөз. 

Екінші орында моңғолиялық спортшы Түмэнбаяр Отгонбаяр. Ұпай саны – 26,94. Үшінші орынды да Моңғолия мергені иеленді. Хүслэн Чулуунбаатар 26,69 ұпай алды.

Екінші «Түрік стилі» бойынша сынға түскен мергендер көшін жерлесіміз Бақдәулет Бабажан 55,28 ұпаймен бастаса, екінші орынға да Ералхан Айкөз 48,88 ұпаймен табан тіреді. Ал,  үшінші орын 38,85 ұпай алған венгриялық жас мерген Золт Лизискаға бұйырды.

Үшінші кезең – «Қазақ стилі»  бойынша жүлделі орындарды  Бақдәулет Бабажан (53,28), Түмэнбаяр Отгонбаяр (30), сондай-ақ Золт Лизиска (28,3) иеленді. Жамбы ату сайысының ережесі бойынша жоғарыда аталған үш стильдің ұпайлары бірге есептеліп, ең көп ұпай жинаған мерген жеңімпаз атанады. Сонымен,  жамбы атуға қатысқан 12 мергеннің ұпай саны төмендегідей болды:

Бекзат Жақсыбек (Қазақстан) 1-тур – 18,92; 2-тур – 34,88; 3-тур – 11,93 (жалпы – 83,01);

Бақдәулет Бабажан (Қазақстан) 1-тур – 24,03; 2-тур – 55,28; 3-тур – 53,28 (жалпы – 164,62);

Ералхан Айкөз (Қазақстан) 1-тур – 27,1; 2-тур – 48,88; 3-тур – 17,19 (жалпы – 118,27);

Хүслэн Чулуунбаатар (Моңғолия) 1-тур – 26,69; 2-тур – 27,19; 3-тур – 16,56 (жалпы – 91,66);

Жавхлантөгс Мөнхарслан (Моңғолия) 1-тур – 19,15; 2-тур – 36,84; 3-тур – 19,19 (жалпы – 102,27);

Түмэнбаяр Отгонбаяр (Моңғолия) 1-тур – 26,94; 2-тур – 33,66; 3-тур – 30 (жалпы – 117,57);

Валентин Лакатос (Венгрия) 1-тур – 17,73; 2-тур – 29,87; 3-тур – 0 (жалпы – 71,06);

Золт Лизиска (Венгрия) 1-тур – 19,63; 2-тур – 38,85; 3-тур – 28,3 (жалпы – 114,69);

Ирфан Мика (Малазия) 1-тур – 20,86; 2-тур – 15,94; 3-тур – 0 (жалпы – 61,52);

Шахобиддинжон Туроев (Өзбекстан) 1-тур – 0 (ойыннан шықты);

Любовь Морока (Ресей) 1-тур – 14,18; 2-тур – 9,65; 3-тур – 0 (жалпы – 34,27);

Веняамин Улу (Түркия) 1-тур – 17,85; 2-тур – 18,04; 3-тур – 17,47 (жалпы – 71,14).

 

Осы ұпайлар қорытындысы бойынша  Жастар арасындағы І Азия чемпионатындағы жүлдегер спортшылары анықталды.

1 орын – Бақдәулет Бабажан (Қазақстан)

2 орын – Ералхан Айкөз (Қазақстан)

3 орын –  Түмэнбаяр Оьгонбаяр (Моңғолия)

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары