Көкпар

V ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАСТАЛУЫНА ЕКІ КҮН ҚАЛДЫ

 

Ақтөбе қаласында 18-25  қыркүйек күндері өтетін Ұлттық спорт фестивалінің басталуына екі күн ғана қалды. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын аталмыш бәсекеге еліміздің барлық өңірінің спортшылары қатысып, V  фестивальде ұлттық спорттың он түрінің жүлделерін сарапқа салады.

Атап айтқанда, бұл фестивальде көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, құсбегілік (бүркіт, қаршыға, ителгі), бәйге түрлері (ат, құнан), тоғызқұмалақ, асық ату, жекпе-жек (ерлер және әйелдер арасында), қазақ күресі  (ерлер және әйелдер арасында) спорт түрлерінің жүлделері сарапқа салынады. Бүгін жанкүйер назарына V фестиваль бағдарламасының ықшамдалған нұсқасын ұсынуды жөн көрдік. Сонымен,

БӘЙГЕ. 16 ШАҚЫРЫМ

ҚҰНАН БӘЙГЕ.  7  ШАҚЫРЫМ

КОМАНДАЛЫҚ КӨКПАР ОЙЫНДАРЫ

АУДАРЫСПАҚ

ТЕҢГЕ ІЛУ

Ж А М Б Ы А Т У 

ҚҰСБЕГІЛІК 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ 

АСЫҚ АТУ 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

ЖЕКПЕ-ЖЕК

 

Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында 21 қыркүйек күні V фестивальдің салтанатты ашылуы және 25 қыркүйек күні жабылу  салтанаты  өткізіледі.Еске салып өтсек,   алғаш рет Ұлттық спорт фестивалі  1999 жылы  Елорда төрінде жалау көтерді. Ал,  екі мыңнан астам спортшы қатысқан ІV Ұлттық спорт фестивалі 2015 жылғы қазан айында Қызылорда қаласында өткізіліп, бас жүлдені Қызылорда облысы, екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Жамбыл облысы иеленген еді.

 Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары