Ақтөбе қаласында Ұлттық спорт түрлерінен басталған V Фестиваль көрігін тоғызқұмалақ шеберлері қыздыруда. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және еліміздің 12 облысынан барлығы 56 спортшы қатысуда.
Тоғызқұмалақ бәсекесі Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерді. Фестивальға қатысушылар қатарында 2 Республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар бар. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынайды.
Жарыстың бас төрешісі – Халықаралық дәрежедегі төреші Айнұр Жақапбаева. Жарыстың бас хатшысы – жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Қабидолла Нұршин. Тоғызқұмалақ бәсекесі 25 қыркүйек күні аяқталады.
Ұлттық спорт ақпараты