Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерген, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және еліміздің 12 облысынан 56 спортшы қатысқан тоғызқұмалақ бәсекесі де аяқталды. Фестивальға қатысушылар қатарында 2 Республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар болды. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынады. Жарыстың бас төрешісі – Халықаралық дәрежедегі төреші Айнұр Жақапбаева жолдаған мәлімет бойынша тоғызқұмалақ жарысының қорытындысы төмендегідей.
Командалық есепте:
1 – орын Қызылорда облысы
2 – орын Түркістан облысы
3 – орын Ақтөбе облысы
1-тақта Ерлер
1 – орын Темірбаев Ғалымжан (Шымкент қаласы)
2 – орын Биғазин Медет (Қостанай облысы)
3 – орын Каймульдин Жанат (Павлодар облысы)
2 – тақта Ерлер
1 – орын Хусайынов Медет (Ақтөбе облысы)
2 – орын Қожанасіп Асылхан (Қарағанды облысы)
3 – орын Бостандыков Бексұлтан (Қызылорда облысы)
3 – тақта Әйелдер
1 – орын Далиева Әсел (Түркістан облысы)
2 – орын Кенина Диана (Ақтөбе облысы)
3 – орын Ерниязова Ализа (БҚО)
4 – тақта Әйелдер
1 – орын Жұмабаева Ақсана (Маңғыстау облысы)
2 – орын Каримова Лина (Түркістан облысы)
3 – орын Сапарбекова Салтанат (Шымкент қаласы)
Ұлттық спорт ақпараты