Теңге ілу

V фестиваль. Теңге ілу. Аударыспақ. Қазақ күресі

Бүгін Ұлттық спорттан V фестивальдің салтанатты ашылуы өтті. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өткен салтанатты жиынға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты жиын соңынан осы спорт кешенінде Қазақ күресінің алғашқы белдесулері басталып кетті. Бүгін боз кілемге 55 және 60 келі салмақтағы балуандар шықты.

            Сондай-ақ, бүгінгі күні фестиваль жанкүйерлері теңге ілу мен аударыспақ спортшыларының өнерін тамашалады. Биылғы Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында  қола жүлдегер болған батысқазақстандық Бекнұр Серіков V фестивальда теңге ілуден чемпион атанды. Теңге ілуден бұған дейін ересектер арасындағы І Азия чемпионатының жеңімпазы, Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жеңімпазы, ІІ Азия чемпионатының күміс жүлдегері, елішілік чемпионаттың бірнеше дүркін жеңімпазы, тәжірибелі спортшы Ғалымжан Ізжанов бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, фестивальдің қола жүлдесі ақмолалық спортшы Азамат Қадыровқа бұйырды.

Ақтөбе қаласындағы жабық манежде тамашалаған V фестивальдің бүгінгі аударыспақ бәсекесі шиеленісті жекпе-жекке толы болды. Бес салмақ бойынша өткен жарыста төмендегі балуандар жүлделі орындарды иеленді.

           60 келі салмақ бойынша:

1 орын – А.Серғазин (Ақтөбе обл);

2 орын – Е.Құралбай (Түркістан обл);

3 орын – А.Жұмаділов (Жамбыл обл).

  70 келі салмақ бойынша:

1 орын – Д.Өткелбай (Түркістан обл);

2 орын – Ш.Ержанов (Ақтөбе обл);

3 орын – Б.Оразбек (Қызылорда обл).

80 келі салмақ бойынша:

1 орын – Н.Әмзеев (Түркістан обл);

2 орын – А.Есенғарин  (Ақтөбе обл);

3 орын – Ж.Жәлімбетов (Қызылорда обл).

  90 келі салмақ бойынша:

1 орын – С.Ізбасаров (Түркістан обл);

2 орын – С.Ынтызарбеков (Жамбыл обл);

3 орын – Н.Босов (Солтүстік Қазақстан обл).

  +90 келі салмақ бойынша:

1 орын – Б.Қосалиев (Түркістан обл);

2 орын – А.Сағымбаев (Ақтөбе обл);

3 орын – Д.Смайылов (Жамбыл обл).

            Еске сала өтелік, ертеңгі күні Ақтөбе қаласының іргесіндегі атшабарда көкпар командаларының түйісу  ойындары (стыковочнные игры) өткізіледі. Жанкүйерлер ертең Жамбыл облысы мен  Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы мен Ақтөбе облысы, Қостанай облысы мен  Маңғыстау облысы, Нұр- Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда мен  Қарағанды облысы командаларының арасындағы бәсекелерді тамашалайтын болады.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары