Құсбегілік

V ФЕСТИВАЛЬ. ҚҰСБЕГІЛІК, АСЫҚ АТУ, БЕС АСЫҚ

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақжар ауылы аумағында үш күннен бері Құсбегілер бәсекесі тамашалануда. Жарысқа еліміздің 11 өңірінің, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы,  Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысының құсбегі-спортшылары келді. Фестивальға барлығы 17 бүркіт, 6 ителгі, 3 қаршыға баптап  құсбегілер алғашқы күндері құстарды қолға шақыру, еркін ұшыру бәсекелері бойынша бақ сынады. Алдағы күндерде жанкүйерлер бүркіттің шырғаға, қоянға, түлкіге түскенін, қаршығалардың қоян, кептер ұстағанын, ителгілердің қоянға түсіп, далбайда ойнағанын тамашалайтын болады.   Құсбегілер жарысының төрешісі – Еркебұлан Ислямов. Жарыс қорытындысы 25 қыркүйек күні  анықталатын болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы теннис корды ғимаратында асық ату мен бес асық ойыны екі күн бұрын басталды. Ерлер арасындағы асық ату бәсекесіне 14 команда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан облысы, Атырау облысы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысының командаларынан барлығы 42 спортшы қатысуда.

Ал, әйелдер арасындағы бес асық бәсекесіне 12 команда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Маңғыстау облысының командаларынан барлығы 36 спортшы бақ сынауда. Жарыстың бас төрешісі – ҚР еңбек сіңірген жаттықтрушысы Жомарт Сабыржанов, бас хатшысы – Ескендір Рахметов.

Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары