Көкпар

V ФЕСТИВАЛЬ. КӨКПАР

Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалында 18 қыркүйек күні басталған командалық көкпар бәсекесі де мәреге жетуге таяп қалды. Кеше еліміздің көкпар командаларының  соңғы кездесулері аяқталды. Нәтижесі төмендегідей. 5 орын – Нұр-Сұлтан қаласының командасы.  6 орын – Қостанай облысы. 7 орын – Маңғыстау облысы. 8 орын – Ақмола облысы. 9 орын – Қызылорда облысы. 10 орын – Батыс Қазақстан облысы. 11 орын – Шығыс Қазақстан облысы. 12 орын – Қарағанды облысы.

Бүгін ұлттық спорттан өткізілген V фестивальдың Жамбы ату бәсекесі басталды. Ертең көкпардан Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары