Теңге ілу

 «ТЕҢГЕ ІЛУ» СПОРТЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

1.1. Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық ресми жарыстар (чемпионат, турнир, кубок, кешенді жарыстар) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы бекіткен осы Ережеге сәйкес өткізіледі.

1.2. Теңге ілу спортының мақсаты – спортшының аз уақыт ішінде барлық теңгені ілуі.

1.3. Әрбір теңгенің тұсында қолында жолаушасы бар төреші тұрады.

  1. Жарыс сипаты мен өткізу реті

2.1.Жарыс командалық және жеке есепке алынатын болып бөлінеді.

2.2. Жарыстың өту реті: іріктеу кезеңі (2 мүмкіндік) жартылай ақтық кезең (2 мүмкіндік), ақтық кезең (2 мүмкіндік).

2.3. Спортшылардың жалпы санынан жартылай ақтық кезеңге, көп теңге ілген және үздік уақыт көрсеткен спортшылардың 50 пайызы өтеді. Ақтық кезеңге көп теңге ілген және үздік уақыт көрсеткен спортшылардың 50 пайызы өтеді.

Әр кезеңде ересектер үшін 16 секунд, жастар үшін 17 секунд, жасөспірімдер үшін 18 секунд уақыт беріледі. Берілген уақытта спортшы кезеңді орындап үлгермесе ұпай есептелмейді. Өту уақытын есептеуге арнайы уақыттық құрылғылар қолданылады.

  1. Жарыстың өткізу орнын жабдықтау

3.1. Теңге ілу спорты арнайы жабдықталған ұзындығы – 150 метр, ені – 20 метр алаңда өткізіледі.

Іріктеу кезеңінде теңгелер сөреден бастап 75 метрден, әр 10 метр сайын қойылады. Теңге саны – бесеу. Ақтық кезеңде (финалда) теңгелер сөреден бастап 65 метрден, әр 10 метр сайын қойылады. Теңге саны – жетеу.

3.2. Сөре және мәре сызығы ұзындығы 20 метр, ені 10 см болатын көлденең ақ сызықпен белгіленеді.

3.3. Теңгенің жатқан жерін анықтайтын белгілер (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7).

Ортасында теңге салынған қызыл түсті қалта жататын диаметрі 15 см ақ шеңбер.

3.4. Сөре белгісі – көлемі 30х30 см болатын жасыл түсті жалауша.

3.5. Теңгенің жерден көтерілгенін көрсететін белгі – көлемі 20х30 см болатын қызыл түсті жалаушалар.

3.6. Мәре белгісі – көлемі 30х30 см болатын жасыл түсті жалауша.

3.7. Теңге салынған қалта қызыл түсті, биіктігі – 8 см, салмағы –100 гр.

3.8. Спортшылардың киімі мен спорттық аттың әбзелдері ұлттық нақышта болуы міндетті.

3.9. Мандат комиссиясы мен жеребе тарту жарыс алдында өткізіледі. 

  1. Жас санаты

4.1. Теңге ілуден жарыстар үш санат бойынша топтар арасында өткізіледі.

№ р/н Жас санаты Жасы
1 Жасөспірімдер 14-17 жас
2 Жастар 18-23 жас
3 Ересектер 24 жастан жоғары
  1. Төрешілер алқасы

5.1. Төрешілер алқасының құрамы:

– жарыстың бас төрешісі;

–  хатшы;

– уақыт төрешісі;

– төрешілер;

– ақпарат төрешісі; 

5.2. Сөре төрешілері спортшылардың киім-формасының теңге ілу ережелеріне сәйкестігін текереді, спортшыларды реттік нөмірлері бойынша сапқа тұрғызады (жеребе бойынша). Бірінші спортшы сөреге шыққанда, келесі спортшылардың дайындығын қадағалайды.

Сөре төрешісі көк түсті жалаушаны көтереді, жалау төмен түсірілгенде старт беріліп, уақыт санау басталады.

5.3. Әр теңгенің тұсында қолына жалау алып төреші тұрады. Жалаушалары бар төрешілер (сызықта тұратын төрешілер) спортшы әр теңгені көтерген кезде жалаушаны көтеріп белгі береді. Белгі төрешілері теңге көтерілгеніне көзі жеткенде жалаушаны көтерген қалпында спортшы шабысты аяқтағанға дейін тұрады. Белгі төреші жан-жағына қарамай, қозғалмаған қалпында тұрады. Төрешілер спортшының кезеңді орындағанын көрсету керек. Көтерілген жалаушаны спортшы мәреден өтіп бас төреші «түсір» дегенше ұстап тұруы керек.

5.4. Бас төреші теңге ілушінің өту уақытын жариялайды, спортшының жерден көтерген теңге санын, ие болған орнын хабарлайды.

5.5. Мәре төрешісі спортшы мәре сызығынан өткенде жасыл жалаушасын төмен түсіреді. Көк жалау түсірілгеннен соң уақыт тоқтатылады және кезең аяқталған болып саналады.

5.6. Хатшы бас төрешінің рұқсаты бойынша ережені бұзбай орындағанын анықтап, хаттамаға тіркейді.Хаттамаға тіркелген жазуды өшірсе, түзетсе ереже бұзылды деп саналады.

5.7. Уақыт төрешісі уақытты тоқтатып, спортшы қанша уақытта шауып өткенін хабарлайды. Спортшының ілген теңге санын, шауып өткен уақытын есепке алады. Саналған ұпайлар қорытындысы бойынша орын белгіленеді, ұпайлары бірдей болған кезде уақыттары есептеліп, ең аз уақытта өткен спортшыға орын беріледі.

Ең көп ұпай алған спортшы жеңімпаз деп есептеледі.

  1. Наразылықтар 

6.1. Наразылықтарды төрешілер алқасына спортшының жетекшісі тек жазбаша түрде және жарыс аяқталғаннан кейін 20 минуттан кешіктірмей табыс етуі тиіс.

Наразылықта спортшылар немесе төрешілер бұзылған ереже мен жарыс регламентінің тараулары мен тармақтарын көрсетуі тиіс. Бас төреші наразылықты қабылдап алуға, оны қарауға, сол бойынша шешім қабылдауға және оны өтініш берушіге барынша аз мерзімдерде жарыс қорытындылары бекітілгенге дейін міндетті түрде жеткізуге міндетті.

6.2. Бас төрешінің наразылық бойынша шешімі кесімді және қайта қарауға жатпайды. 

Қосымша 1

 БЕКІТЕМІН

_____________ спорт және дене

шынықтыру басқармасының

басшысы

____________________________

202_ жылғы «____» __________

 

Қазақстан Республикасының ____________________ арасындағы «Теңге ілу» чемпионатына ___________________құрама командасының

 ӨТІНІМІ 

р/с

Шабандоздың аты-жөні Туған жылы, айы, күні Спорттық жетістігі, атағы Аттың тұқымы, жасы, түсі Аттың лақап аты Дәрігердің рұқсаты
             

Команда жетекшісі:   қолы                                           Спорт мектебінің (Клуб)

М.О.

Команда аға жаттықтырушысы: ________________ қолы

Дәрігер ___________ спортшы жарысқа жіберілді ___________

қолы, мөрі

«Теңге ілу» жарысының

ХАТТАМАСЫ

іріктеу 

_______________қаласы                                    «______» ___________202_ ж. 

р/с

Аты-жөні командасы Теңге саны Уақыты

 

Орны
           
           
Қауымдастықтың желідегі парақшалары