Ел ішінде

Теңге ілу спорт ретінде тіркелді

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіретін Теңге ілу спорты Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында спорт ретінде тіркелді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев осындай бұйрыққа қол қойды.

Онда «Қазақстан Республикасының аумағында «теңге ілу» спорты спорт түрі ретінде тану туралы» жазылған. Сонымен қатар бұл спортты Спорттық тізілім қатарына енгізілетіні көрсетілген.

Осы бұйрық негізінде Теңге ілу спортына 311А коды берілді. Яғни бұл код аталған спорт түрімен ер азаматтар айналысатынын, жазғы, тұрақты өтетін спорт түрі екенін білдіреді деген сөз.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары