ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазанат» ипподромында 3 маусымнан бастап, екі апта бойы Жамбы ату және теңге ілуден ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысады.
Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты, іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады.
Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде тағайындаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.
Нұр-Сұлтан қаласында теңге ілу және жамбы ату ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасындағы ҚР Чемпионаты мәресіне жетті.
Теңге ілуден ҚР чемпионаты:
І орын: Сабыров Бәйдібек (Түркістан облысы)
ІІ орын: Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)
ІІІ орын: Төлтай Бақыт (Шымкент қаласы)
ІІІ орын: Исраил Айдар (Қызылорда облысы)
Жамбы атудан ҚР чемпионаты:
І орын: Тулыбеков Абзал (Жамбыл облысы)
ІІ орын: Жусубалин Нұрсұлтан (Ақмола облысы)
ІІІ орын: Сарыбай Айтбек (Түркістан облысы)
ІІІ орын: Өміртай Ғалымжан (Қызылорда облысы)
Алда жастар чемпионаты 9-13 маусымда, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымда өтеді.
ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі