Әлемде

Татарстанда аударспақтан әлем чемпионаты өтеді

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында 24-27 маусым аралығында ат үстіндегі күрес – аударыспақтан Әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей спортшылары қатысады.

Чемпионатқа ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нүркен Байбуриев жетекшілігімен Қазақстанның ұлттық құрама командасы мүшелері аттанды.

Көне Қазанда ел намысын қорғайтын білекті де жүректі жігіттердің арасында Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – Азамат Серғазин, Шыңғыс Ержанов, Арман Сағынбаев, Сырым Ізбасаров, Қазақстанның спорт шеберлері – Ермек Құралбай, Дәулет Ережепбаев, Есімхан Рахметіллә, Данияр Смайыловтар бар.

Палуандар 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 және 90 келіден жоғары 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Естеріңізде болса, бұған дейін Аударыспақтан алғашқы Әлем чемпионаты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өткен болатын.

BAQ.KZ

Қауымдастықтың желідегі парақшалары