ТӨРТ ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ  АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

 

Бүгін  Жастар арасындағы І Азия чемпионатында Аударыспақ спорты бойынша чемпиондар анықталды.

         Бүгін 5 салмақ дәрежесі бойынша (50 кг, 60 кг, 70 кг, 80 кг, 80+ кг) 8 мемлекеттен келген 27 спортшы өзара мықтыны анықтады. 5 салмақта сынға түскендіктен, әр елден 5 спортшыдан қатысуға  тиіс еді. Бірақ, төрешілердің соңғы шешімі бойынша жастары мен салмақтары жарыс ережесіне сәйкес келмеген бірнеше спортшылар жарыс алаңына жіберілмеді.

Сонымен, Қазақстан – 5, Моңғолия – 5, Ресей – 5, Қытай – 3, Өзбекстан – 3, Ауғаныстан – 3, Тәжікстан – 2, Венгрия – 1 спортшыдан сайысқа қатыстырды.

50 келі салмақта:

1-орын: Аманжол Нұрбек (Қазақстан)

2-орын: Карими Масоуд (Ауғанстан)

3-орын: Акчалов Миржан (Ресей)

60 келі салмақта:

1-орын: Құралбай Ермек (Қазақстан)

2-орын: Мағай Айтхабыл (Моңғолия)

3-орын: Ансари Абдулжалил (Ауғанстан)

70 келі салмақта:

1-орын: Иманғазыұлы Нармағанбет (Қазақстан)

2-орын: Солиев Мирзохид (Өзбекстан)

3-орын: Сафари Нуртаза (Ауғанстан)

80 келі салмақта:

1-орын: Ағабек Ғабит (Қазақстан)

2-орын: Кувондиков Суннатилла (Өзбекстан)

3-орын: Елік Өмірбек (Моңғолия)

+ 80 келі салмақта:

1-орын: Серік Жеңісбек (Моңғолия)

2-орын: Эгембердиев Сирогиддин (Тәжікстан)

3-орын: Жаналин Әділжан (Қазақстан)

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары