Көкпар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

         

Атақты көкпаршы Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің биылғы жылы жастар арасында ұйымдастырылғаны туралы ақпарат бұдан бұрын жарияланған болатын.  Бүгін осы турнирдегі  үздік көкпар командалары  анықталды. Жастарды ұлттық спортқа қызықтыру, даңқты көкпаршының мерейін көтеру  мақсатында Шымкент қаласында  көкпардан төртінші рет өткізілген турнирдің жеңімпазы – Түркістан командасы болды. Бұл турнирге барлығы 8 команда, атап айтқанда, Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Шымкент ат спорты орталығының «Бүркіт» командасы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысының Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының командалары қатысты.

Бүгінгі жартылай финалда  Жамбыл облысы мен Алматы облысы командаларының арасындағы ойын  8:3 есебімен аяқталды. Ал, ақтық бәсекеге шыққан  Түркістан облысы  мен  Маңғыстау облысы  командаларының арасындағы кездесуде есеп  11:1 болып, түркістандық жастар даңқты көкпаршы, командалық көкпардан Кеңес одағының 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

1 орын – Түркістан облысының жастар командасы
2 орын – Маңғыстау облысының жастар командасы
3 орын – Жамбыл облысының жастар командасы

Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары