Көкпар

ҮШІНШІ КҮНГІ ЕЛІШІЛІК ЧЕМПИОНАТТАҒЫ КӨКПАР ОЙЫНДАРЫ

Елішілік чемпионаттың үшінші күні көкпар бәсекелерінің топтық кездесулері мәреге таяды. Бүгінгі кездесулерден соң қай өңір командаларының алға озғаны айқындала бастады. Сонымен, үшінші күнгі көкпар ойындарының нәтижелері қандай болды?

            Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысы командаларының арасындағы бәсекеде шығысқазақстандықтар ұпай оздырды. Есеп – 5:3. Сонымен, чемпионатта қатарынан үш рет жеңіліс тапқан Нұрлан Додай (команда капитаны) бастаған ақтөбеліктердің жүлделі орыннан тыс қалғаны анық болды. Таныстыра өтсек, Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасының жетекшісі – Б.Тлеуов, жаттықтырушысы – А.Аймағамбетов. Ал, ШҚО құрамасының  команда капитаны – Артур Бикинин, жетекшісі – Қ.Абсалямов, жаттықтырушысы – А.Бикинин. Бұл ойында салым салғандар: «Әлімата»: Қайрат Рамазан – 2 салым, Нұрлан Бисенбиев – 1 салым. Шығыс Қазақстан облысы командасынан: Жақсылық Амалбеков – 3 салым, Жарқын Жаңбуршин 1 салым, Мақсат Аринов – 1 салым.

Биылғы чемпионаттың финалына тағы да түркістандық «Құлагер» командасының  шығатын сынды. Бұған дейін «Әлім атаны» 16:2 есебімен, ШҚО құрамасын 15:2 есебімен ұтқан «Құлагер» командасы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасын да айқын басымдылықпен ұтып кетті. Есеп – 13:2. Түркістан облысы «Құлагер» командасының капитаны – Бақтыбай Шырынқұлов, жетекшісі – Ғани Ахметбаев. Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасының каптитаны – Қазыбек Амангелдинов, жаттықтырушысы – Арслан Қабжанов. Бұл ойында салым салғандар: «Астана» командасынан – Арслан Қабжанов – 2 салым. «Құлагер» командасынан – Нүркен Омаров – 2 салым, Абылайхан Нышанбеков – 3 салым, Асланбек Сайдулла – 2 салым, Темірхан Айтбаев – 1 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 1 салым, Мейірбек Болысбек – 1 салым, Жорабек Ақбаев – 1 салым, Бәйдібек Сабыров – 2 салым.

БҚО құрамасы мен Маңғыстау облысының «Адай ата» командасының кездесуі. Алдыңғы ойындарда Қызылорда облысы мен Атылау облысы командаларынан ұтылған маңғыстаулықтар Батыс Қазақстан  облысы командасын емін-еркін ұтып кетті. Есеп – 11:3. Салым салғандар: Батыс Қазақстан  облысы командасынан: Бағдәулет Сейдәлиев – 1 салым, Ерлан Саев – 1 салым, Жарас Құралас – 1 салым. «Адай ата» командасынан: Руслан Дүйсембаев – 1 салым, Шынболат Ақбаев – 2 салым, Еркебұлан Абдуманап – 1 салым, Сейділлә Дәулет – 1 салым, Тілләбек Сұлейменов – 1 салым, Бақдәйлет Ерімбетов – 2 салым, Жасұлан Қуанышұлы – 1 салым, Баян Қилыбай – 1 салым, Асанбай Нұрманов – 1 салым.

Атырау облысының «Нарын» командасы мен Қызылорда облысының құрамалары кездесті. Есеп – 9:3. Атыраулықтар жеңіске жетті.  Салым салғандар: Қызылорда облысының командасынан: Қанат Абылбеков – 1 салым, Нұрлан Жүсіпов – 1 салым, Наурызқожа Әмзиев – 1 салым. «Нарын» командасынан: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 2 салым, Қайыржан Сүлейменов – 1 салым, Алмат Жүнісов – 1 салым, Александр Пупенко – 2 салым, Жасұлан Айтбай – 2 салым.

Солтүстік Қазақстан облысының командасы  алматылықтардан басым түсті. Есеп – 6:3. Салым салғандар: Алматы қаласының командасынан: Абай Ережеп – 1 салым, Нұрсұлтан Молберген – 1 салым, Айдос Ерген – 1 салым. Солтүстік Қазақстан облысының командасынан: Еркебұлан Дүйсеков – 1 салым, Руслан Смағұлов – 1 салым, Данияр Ғалинұров – 1 салым, Нұрсұлтан Әбесов – 3 салым.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының командасы мен Алматы қаласының командасын ұтқан Қостанай облысының көкпаршылары бүгін Жамбыл облысының «Әулие ата» командасынан ойсырай ұтылды. Есеп – 15:1. Салым салғандар: Қостанай облысы командасынан: Бақдәулет Асанов – 1 салым. «Әулие ата» командасынан: Есжан Құрманбай – 2 салым, Манарбек Дүйсенбиев – 1 салым, Ернат Мәлімбай – 1 салым, Құлажан Тоғайбаев – 1 салым, Болатбек Әлімбетов – 2 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Ислам Рәт – 2 салым, Бағлан Шырынбаев – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 2 салым.

Сонымен, өз топтарынан Түркістан облысының «Құлагер» командасы, Атырау облысының «Нарын» командасы, Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы және Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы үздік шықты.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары