СЕМИНАР ТЫНЫСЫ

 

 

6 қараша күні басталған «Ұлттық спорт: әдістеме және тәжірибе» тақырыбындағы респубикалық семинардың практикалық дәрістері бүгін Елордадағы «Көкпар-Астана» клубының шаруашылығында жалғасты.

         6-7 қараша күндері «Сарыарқа» велотрегінде бұдан бұрын хабарлағанымыздай бірнеше тақырыпта дәрістер оқылды. Сонымен қатар, осы жиында барлық облыс мамандарының қатысуымен ұлттық спорттағы түйінді мәселер, осы саладағы қиындықтарды шешу жолдары, алдағы жылдардағы межелер талқыға түсті. 2019 жылдың күнтізбелік жоспарына енгізілетін жарыстар мен сол жарыстардың өткізілу мерзімдері ортаға салынды. Облыстағы ұлттық спорт өкілдерінің ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Келешекте бірлесе атқаратын көптеген шаруалар жайлы айтылды. Тыңдаушыларға семинар сертификаттары салтанатты түрде табысталды.

          Ал, бүгін семинар тыңдаушылары Астана қаласының іргесіндегі «Көкпар-Астана» клубының шаруашылығында ұйымдастырылған практикалық сабаққа қатысты. «Көкпар-Астана» клубының директоры, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аманжол Хасенов көкпар аттарын баптау, аттарды ойын барысындағы жекпе-жекке дағдыландыру тәсілдері, спорттық аттарды емдеудің тиімді тұстары жайлы, ал, Теңге ілу мен Аударыспақтың аға жаттықтырушысы Нұрлан Додай аударыспақ жекпе-жегіндегі әдіс-тәсілдердің қыр-сыры,теңге ілудің әдістері   туралы семинар қатысушылары қызыға тыңдаған дәрістер жүргізді.

          Республикалық семинардың толық мағлұматтары алдағы күндерде жарияланады.

Ұлтық спорт ақпараты      

Қауымдастықтың желідегі парақшалары