Құсбегілік

ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ЖАСТАР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

 

Бұл Құсбегіліктен Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты. Биыл Түркістан облысында ту көтерді. Жарыс өткізілген мекен – Төле би ауданындағы «Киелі тас» ауылдық округі.  Уақыты – 24-27 қаңтар. ҚР «Қыран-Бүркіт» федерациясының атқарушы директоры Владимир Земблевский  ҚР Құсбегіліктен ХІ Жастар чемпионатының бас төрешісі болды.

Отыздан астам жас бүркітшілер, онға жуық қаршыға, онға жуық ителгі баптаған жас құсбегілер арасында өткен бәсеке 2019 жылғы  елішілік ХІ чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстары және Астана, Алматы қалаларынан келген  құсбегілер жарысында бас жүлденің дені Түркістан мен Жамбыл облыстарына бұйырды.

2019 жылғы Құсбегіліктен ХІ Жастар чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Суретте: Сол жақта ҚР Құсбегіліктен ХІ Жастар чемпионатының бас төрешісі  Владимир Земблевский  

(Ителгі)

1 орын – Бабажан Бақдәулет, ителгісі «Қаракөз» (Жамбыл облысы)

2 орын – Аршабай Дидар, ителгісі «Ақбас» (Түркістан облысы)

3 орын – Махмұдхан Заки, ителгісі «Қаракөз» (Түркістан облысы)

(Қаршыға)

1 орын – Паң Нұрасыл, қаршығасы «Гүлсары» (Түркістан облысы)

2 орын – Аршабай Дидар, қаршығасы «Көкжендет» (Түркістан облысы)

3 орын – Ақылбек Диас, қаршығасы «Қанжар» (Жамбыл облысы)

(Бүркіт)

1 орын – Сейітжан Бекасыл, бүркіті – «Атамұра» (Алматы облысы)

2 орын – Бауыржан Шернияз, бүркіті – «Үкілі қара» (Жамбыл облысы)

3 орын – Бабажан Бақдәулет, бүркіті – «Қапсалған» (Жамбыл облысы)

Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары