«Sadaq aty» федерациясының жарысы өтті

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазанат» атшабарында дәстүрлі садақ атудан елордалық мергендер арасындағы жарыс өтті.

Соңғы жылдары елімізде ұлттық садақ атуға қызығушылар қатары қалыңдай түсуде. Биылғы жылы Елордада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Республикалық дәстүрлі «Sadaq aty» федерациясы (президенті Азамат Оспанов) құрылды. «Қазанат» атшабарындағы мергендік сайысы осы  федерацияның ұйымдастыруымен өткізілген тұңғыш жарыс. Бұл жарыста жаңадан ашылған федерацияға мүше болған елордалық 24 мерген бақ сынады. Әділ қазылар алқасының шешімімен Самат Сүлейменов «Sadaq aty» федерациясы өткізген алғашқы жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынды  Азамат Нұртаев, үшінші орынды Ербол Тапенов иеленді.

Дәстүрлі «Sadaq aty» федерациясы  Республикалық қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта елордалық мергендер санының арта түсуіне күш салмақ. Федерацияның бұл бағыттағы алғашқы қадамы – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде қыркүйек айынан бастап дәстүрлі садақ атудан клубтық үйірме ашу.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

 

 

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары