СӘПИЕВ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТІЗГІНІН ҚОЛҒА АЛДЫ

Бүгін кезіндегі даңқты боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

            Серік Сәпиев бұл лауазымды қызметке дейін  VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған.  Спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

Сонымен, бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ұлттық спорттың шынайы жанашырларының бірі, Астанада ұлттық спорттан өткен халықаралық жарыстарға арнайы келіп, жанкүйерлер қатарынан табылатын Серік Сәпиевтің қазақ спортының тізгінін ұстағаны осы саладағы азаматтарды бір серпілтіп тастады.  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы   Серік Сәпиевті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалғанымен жанкүйер қауымды  хабардар етуді жөн көрді.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары