«ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТӨСБЕЛГІСІН ИЕЛЕНДІ

  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Президенті Бекболат Тілеухан ұлттық спортқа елеулі еңбек сіңіріп жүрген қос азаматқа  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Биылғы жылдың «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ұлттық спорт саласынан ҚР Ұлттық және ат спорты орталығы директорының орынбасары Нүркен Байбөриев пен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұлттық спорттан аға жаттықтырушысы Сламхан Боранбаев ие болды. 

           2019 жылдың «Құрметті спорт қызметкері» атағын алған азаматтардың бұған дейінгі ұлттық спорт саласындағы еңбектері төмендегідей деректерден айқын көрінеді. Сонымен, … 

Байбөриев Нүркен Манапұлы 1970 жылы 20 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Мектеп қабырғасында еркін күрес спорт түрімен айналысып спорт мектебін спорт шеберіне үміткер дәрежесін орындаған. 1987-1995 жыл аралығында қазақ күресімен айналысып  бірнеше рет республикалық,  халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған.

1992-1997 жылы Алматы қаласындағы дене тәрбиесі және спорт институтын бітіріп ұстаздық, жаттықтырушылық қызметтерде болды. 2014-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және денешынықтыру комитеті «Ұлттық штаттық және Спорт резерві»дирекциясында Ұлттық ат спорты түрлерінен құрама команданың аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.   Жаттықтырушылық нәтижесі бойынша көкпар спортынан Байтөреев Ұлан, Көбей Ермек сынды  шәкірттері 2017 жылы әлем чемпионы болды.   2017 жылы көкпардан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.

2018 жылғы маусым айынан бастап Ұлттық және ат спорты түрлері орталығында директордың орынбасары қызметін атқаруда.

Боранбаев Сламхан Өміртайұлы – 1972 жылы жылы 18 қыркүйекте  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылында дүниеге келді. 1989 жылы         №213  Қыркеңсе орта мектебін бітіріп, 2005 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында Ұлттық ат спорты түрлерінің нұсқаушысы болды. 2010 жылы Жаңақорған ауданы №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде аға жаттықтырушы қызметін атқарды.  2017 жылдан бастап Қызылорда облысы «Қайсар» командасының Ұлттық ат спорт түрлерінің аға жаттықтырушысы, команда жетекшісі қызметін абыроймен атқарып келеді. 15 шәкірті спорт шебері, 50 шәкірті спорт шеберіне үміткер.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары