РЕКОРДШЫ ШАБАНДОЗ

 

 

ЕЛГЕЗЕРОВ Мелс Бейсенұлы – 19.12. 1945  жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы  Ұзынағаш елдімекенінде туған. Қазақ жастары арасынан ат спортынан Спорт шебері атанған алғашқы шабандоз (1959). Бәйгеден Қазақстан рекордын жаңартушы (1958). 

      Елгезеров Мелс Бейсенұлы  1958 жылы Алматы ипподромында 13 жасында Қазақстан рекордын жаңартты. М.Елгезеров бәйге атымен 16 шақырымды 23 минут, 25 секундта шауып өткен. Бұл рекордтық көрсеткіш көптеген жылдар бойы өзгеріссіз тұрды. Ат спортындағы осы жетістігі үшін Мелс Бейсенұлына 14 жасында Спорт шебері атағы табыс етілген (1959).

М.Елгезеров Алматы денешынықтыру институтын тәмамдап, ұзақ жылдар аудандық спорт саласында еңбек етті. Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Қайрат» спорт қоғамының басшылық қызметінде болды. 1987-2009 жылдар аралығында Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды. Қазіргі кезде зейнеткер, Алматы облысының  Ұзынағаш елдімекенінде тұрады.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары