Теңге ілу

РАХАТ  ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін  Теңге ілуден өткен бәсекеде Рахат Қомбаров  Қазақстан чемпионы атанды.

Биылғы Теңге ілу чемпионатында  14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары ғана тыс қалды. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының спортшылары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде Түркістан облысының командасына бұйырды.

Суретте:  Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы  Қомбаров Рахат Жанболатұлы.  2001 жылы Шымкент қаласында   дүниеге келген.  Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.  №25 мектеп гимназиясын бітірген. Қазіргі кезде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс студенті. Теңге ілуден спорт шеберлігіне үміткер. Бұған дейін  жастар арасындағы «Ұлы дала рухы» Республикалық фестивалінің (2018 ж) және ересектер арасындағы А.Асқаров атындағы халықаралық турнирінің (2018 ж) чемпионы атанды. Жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында күміс жүлдені (2018 ж),  Жастар арасындағы ҚР чемпионатында  қола жүлдені  (2019 ж) иеленген. 

 

Теңге ілуден ХІІІ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

 

І орын – Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

ІІ орын – Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

ХІІІ Қазақстан чемпионатына қатысқан спортшылар тізімі:

Зәуірбек Сұлтан (Алматы қаласы)

Бердібек Татай (Алматы қаласы)

Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы)

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

Бағдәулет Ғаниұлы (Қызылорда облысы)

Нұрберген Ташмағанбет (Қызылорда облысы)

Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

Елдос Асқарұлы (ШҚО)

Мұхамед Қанатбеков (ШҚО)

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

Нұрхан Елжанов (Ақтөбе облысы)

Елдос Жұмағали (Павлодар облысы)

Данияр Серік (СҚО)

Төлеген Серғазиев (Қарағанды облысы)

Асабек Төребаев (Қостанай облысы)

Битөре Ахметәлі (Маңғысау облысы)

Самат Әбиір (Атырау облысы)

Мағжан Жеңісов (БҚО)

Шәкәрім Қабылдин (Ақмола облысы)

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары