Қазақстан мен Моңғолия ұлттық спортты дамыту меморандумына қол қойды

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Моңғолия Этноспорт федерациясы арасындағы ұлттық спорт түрлерін дәріптеу жолында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы тарапынан қауымдастық президент Бекболат Тілеухан, ал Моңғолия Этноспорт федерациясы тарапынан федерация төрағасы Энэбич Мөнхочир қатысты.

Тараптар ортақ күштерді біріктіру ұлттық спорт түрлерінің Қазақстан Республикасында және шет елде дәріптеуіне көмектесетінін түсінді. Соның негізінде теңдік, өзара пайда, түсінушілік, құрмет және сенім ұстанымдарының негізінде жан-жақты байланыстарды орнатуды және дамытуды тілейді. Екі ел арасындағы ортақ ұлттық ойындарды, спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер арасындағы ынтымақтастықты бірлесе дамытып, ұлттық (дәстүрлі) спорт түрлерін Қазақстан Республикасында және бүкіл әлемдегі этноспорт саласын дамытуға үлес қосу, шет ел халқы арасында жылжыту және дәріптеу мақсатында ниетін білдірді.

Меморандумда аталған ниеттерді жүзеге асыру үшін осы құжат ортақ жобалардың қазіргі және болашақта өзара әрекеттесуге негіз бола алатынына сенім білдірді.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары