Ақкөл ауданында бәйгеден облыс фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы ипподромда ат спорты түрлерінен облыстық фестиваль өтті.

Көкпар, теңге ілу, жамбы ату және 7 шақырымдық бәйге ұйымдастырылған фестивальге Ақмола облысының Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Зеренді аудандарынан ұлттық спорт жанашырлары, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ұлттық спорт мектептерінің басшылары қатысты.

Ақкөл өңірі табиғаты тамаша, жанға да, малға да жайлы мекен. Күні бойғы фестиваль қызығының қорытындысын 7 шақырымдық бәйге шығарды.

Ешқандай жасқа, тұқымға шектеу қойылмаған бәйгеге облыстың Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Зеренді аудандары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан келген 11 жүйрік қатысты.

Ұзақтығы 1,8 км болатын бәйге алаңын 4 айналған 11 жүйріктің мәреге жетеуі жетті.

Кіл жүйрікте кім жүйрік екенін анықтағын шабыста Нұр-Сұлтан қаласынан барған «Сарқырама» атты жүйрік бірінші орын болды.

Жалпы үш жүйрікке жүлде тігілген болатын. Қалған екінші-үшінші орынды Ақкөл ауданының қос жүйрігі иеленді.

Сонымен:

1-орын – «Сарқырама» Шабандозы – Сәкен Дидар, ат иесі Жанатаров Ержан (Нұр-Сұлтан қаласы) – 500 000 тг.

2-орын – «Занзибара». Шабандозы – Нұрбол Тоқтаған, ат иесі – Тасмұхаметов Әділет (Ақкөл ауданы) – 300 000 тг.

3-орын – «Ақжол». Шабандозы – Жангелді, ат иесі – Қуат (Ақкөл ауданы) – 100 000 тг.

Жасым – 10-да. Бәйгеге қатысып жүргеніме біраз болды. Астанадан келдік. Әрине, жақын жер болса да, жауапкершілік болуы керек. 16, 25 шақырымдық аламандарға да қатысып жүрмін. Атты жақсы көрем, – дейді жүлделі болған шабандоз Дидар Сәкен.

BAQ.KZ.

Қауымдастықтың желідегі парақшалары