«NUR-SULTAN ETHNO FEST» МЕРЕКЕСІ МЕН І ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2019 жылғы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан-шатыр» кешені маңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп тұңғыш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесін өткізеді.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында этно мәдени-спорттық шараларды, балалардың бірегей этно-аттракциондары мен мерекелік концерттерді тамашалай алады. Сонымен қатар, этно-қалашық  алаңында сәнді киіз үйлер бой көтеріп, этно-жәрмеңке жұмыс істейді.

Мереке аясындағы қызықтар

            «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесіне келушілер, шеберлер ауылын аралап, қолөнер бұйымдары, ұлттық аспаптар көрмесі, кітап көрмесі, тарихи және этникалық жәдігерлер, этнобазар, спорттық аттар мен құстардың көрмесін қызықтайды. Ақындар айтысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қазақ халқының ұмытыла бастаған қамшыгерлік, тезге салу, қолқа салу, тығырыққа тіреу, арқан өру, қамшы өру, шаңырақ көтеру секілді ұлттық салт-дәстүрлері жұртшылық назарына ұсынылып, олардың шығу тарихы мен мән-мағыналары баяндалады. Мерекелік шараға қатысушы қонақтардың найза лақтыру, қол күрес, таяқ тартыс, дәстүрлі садақ ату, серке көтеру байқауларына қатысып, бақтарын сынауға мүмкіндігі бар. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

«Алтын жебе» І Әлем чемпионаты

«Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес, ат үстінде садақ атудан тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді. «Алтын жебе» І Әлем чемпионатында дүниежүзінің жиырмаға жуық мемлекетінің айтулы мергендері бақ сынайды.

Сондай-ақ, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай тұңғыш рет этно-аттракциондары ашылады. Ата-аналар балаларымен бірге қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалап, атпен серуендеп, бала күрес, аударыспақ, асық ату, ләңгі тебу, қаппен секіру секілді жарыстарға қатыса алады.

«Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі 31 мамыр, сағат 19:00-де басталады.

 

«Nur-Sultan EthnoFest» мерекесінің

БАҒДАРЛАМАСЫ

30 МАМЫР –2 МАУСЫМ, 2019 ЖЫЛ

10:00 – 22:00

 

30 МАМЫР, БЕЙСЕНБІ. ЖАҢҒЫРУ КҮНІ

10:00 – 22:00      «Khan Shatyr»кешенінің маңы. Этноқалашықтың құрылуы

 31 МАМЫР, ЖҰМА. ФЕСТИВАЛЬДІҢ І КҮНІ

10:00 – 13:00      Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар,аударыспақ,  теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік)

14:00 – 18:30      «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. Ат үстінде садақ ату.  Оқу-жаттығу кезеңі. Жеребе тарту рәсімі

19:00 – 20:30      «Алтын жебе» І Әлем чемпионатының ашылу рәсімі.

  

1 МАУСЫМ, СЕНБІ. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ІІ КҮНІ

10:00 – 14:00      «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. 1-кезең: «Азия стилі»

14:00 – 16:00    «Балдәурен»балаларға арналған мерекелік концерт.  Күй cайыс. Айтыс.

16:00 – 18:00      Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар, аударыспақ,  теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік)

18:00 – 20:30 «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінің салтанатты ашылуы

  

2 МАУСЫМ, ЖЕКСЕНБІ. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ІІІ КҮНІ

10:00 – 14:00      «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. 2-кезең: «Түрік стилі»

14:00 – 15:30      Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар, аударыспақ,  теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік)

15:30 – 18:30      «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. 3-кезең: «Қазақ стилі»

19:00 – 20:30      «Nur-Sultan Ethno Fest»мерекесінің салтанатты жабылуы. «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Концерттік бағдарлама

СОНДАЙ-АҚ, «NUR-SULTAN ETHNO FEST» МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА:

-балаларға арналған этноаймақ: балалар киіз үйлері, қуыршақ театрының қойылымы, этноаттракциондар(бала алтыбақан, құрық тастау, жамбы ату), бала күрес, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, ләңгі, қаппен секіру, атпен серуендеу;

– бұқаралық этно-мәдени-спорттық шаралар: киіз үй қалашығы, алтыбақан, найза лақтыру, арқан тартыс, қол күрес (армрестлинг), таяқ тартыс (масрестлинг), дәстүрлі садақ ату, серке көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ, айтыс, рекордшылар алаңы, этноцирк, қазақ батырлары;

– этножәрмеңке: шеберлер ауылы, қолөнер бұйымдары, ұлттық аспаптар, кітап көрмесі, тарихи-этникалық жәдігерлер, этнобазар, төрт түлік (жылқы, түйе, қой), спорттық сәйгүліктер, бүркіт, қаршыға, ителгі, тазы ит көрмесі;

– дәстүрлер жаңғыруы: қамшыгерлік, тезге салу, қолқа салу, тығырыққа тіреу, арқан өру, қамшы өру, шаңырақ көтеру.

 Шараның ресми сайты www.NEF.kz

БАҚ өкілдері үшін байланыс:

87478712567 (Азамат), 87711838853 (Раухан)

Ұйымдастырушылармен байланыс: 87029199449 (Азамат)

ethnofest2019@gmail.com

Қауымдастықтың желідегі парақшалары