«NUR-SULTAN ETHNO FEST»  МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Хан-шатыр» маңындағы «Nur-sultan ethno fest»  мерекесінің алғашқы күнгі думаны басталды. Ұлттық салт-дәстүрдің салтанат құрған мерекесін тамашалау да, балалар мен ересектер арасындағы түрлі дәстүрлі спорттық ойындардың думанды бәсекесі де қызу жүргізіле бастады.

Көпшілікке көш кезінде түйеге жүк артудың рет-тәртібі көрсетілуде

«Қисық ағаш тез басында жатпайды». Ағаш шеберлері қисық ағашты тезге салып түзейді

Қолөнер бұйымдарының қалай жасалатынын көзбен көруге болады

Ат үстінен садақ атудан тұңғыш ұйымдастырылған І Әлем чемпионатының мергендері. «Алтын жебе» деп аталатын бұл Әлем чемпионатына  қатысу үшін АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, Румыния, Болгария, Сирия сияқты барлығы он беске жуық мемлекеттің отызға тарта мерген-спортшылары қатысады. Бүгін мергендер жеребе бойынша ат таңдауға жиналды. Жарысқа даярлық-жаттығуды бастады.  «Алтын жебе» чемпионаты  2 маусымда аяқталады.

Мерекеде командалық көкпар ойыны, аударыспақ, теңге ілу спорттық ойындары тамашаланады.

Бүркіт, қаршыға, ителгі сияқты аушы құстар және тазы-төбет  көрмелері ұйымдастырылуда.

Дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир және найза лақтыру, жасанды «аттармен» аударыспақ, теңге ілу ойындары, балалардың садақ ату бәсекесі өтеді.

Үлкен сахнада танымал өнер иелерінің орындауында ән-жыр айтылып, күй-сайыс ұйымдастырылып, ақындар айтысы өткізіледі.

          Мерекені негізгі ұйымдастырушылар – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық спорт қауымдастығы.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары