НҰРБОЛ НАЗАРБАЕВ –  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БӘЙГЕ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 

 

2018 жылдың 8 желтоқсанында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Бәйге» федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті және республикалық «Бәйге» федерациясының президенті болып Нұрбол Болатұлы Назарбаев тағайындалды.

Нұрбол Назарбаев бірнеше жыл ішкі істер, прокуратура салаларында қызмет атқарған, кәсіпкер.

Еске салып өтсек, қазан айында Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков «Көкпар» федерациясына, ал, кәсіпкер   Данияр Қобыландин «Аударыспақ» федерациясына басшылық қызметке келген еді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары