Аударыспақ

МОЛЖАН БАЛУАН

 

ШАЛҒЫНБАЕВ Молжан – 08.03.1932 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу ауылында туған. Аударыспақтан КСРО чемпионы (1966).

            Молжан Шалғынбаев туралы нақты дерек 1969 жылы жарық көрген «Казахстан спортивный» кітабында жазылған.  Молжан балуан 1962-1967 жылдар аралығында аударыспақтан ауыр салмақта республика көлемінде ғана емес,  ат спорты ойындарынан өткен  КСРО жарыстарында сан мәрте жеңімпаз атаныпты. 1959-1971 жылдары Қазақстанның көрнекті спорт басшысы болған Қаркен Ахметовтың  кітапшасында  (1969)  Молжан Шалғынбаевтың 1966 жылы Ресейдің Есентуки қаласында Бүкілодақтық ат спорты түрлерінен өткен чемпионаттың чемпионы болғаны жазылған.

Суретте: Оң жақ шетте тұрған ауыр салмақта аударыспақтан КСРО  чемпионы Молжан Шалғынбаев. Алдыңғы қатарда сол жақта отырған жеңіл салмақта КСРО чемпионы Боранбай Қасымбеков. Фотосурет 1966 жылы Ресейдің Пятигорск қаласында түсірілген.

Суретте: Оң жақта жеңімпаз – Молжан балуан.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылында тұратын балуанның ұрпақтары сақтаған жеке архивте  Молжан Шалғынбаевтың Мәскеу, Пятигорск, Тбилиси қалаларында ұйымдастырылған жарыстарда жеңімпаз болғаны, алған марапат қағаздары, сол жылдардағы  фотосуреттері сақталған.

Суретте:  Молжан балуан Мәскеуде. 

Көп жыл аударыспақ спортында қазақ ұлтының мерейін аспандатқан Молжан балуанның ұлттық спорттан тыс өмірі мал шаруашылығы саласында өткен. Жас шағында шопан, ал, 1966 жылдан Жамбыл ауданының Қарасу ауылында  отыз жылға жуық жылқышы болыпты.  Молжан Шалғынбаев 1993 жылы зейнетке шығып, 1998 жылы қайтыс болды.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

Қауымдастықтың желідегі парақшалары