Ел ішінде

Министр жеңімпаздарды қабылдады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздің көкпардан ұлттық құрама мүшелерімен кездесті.

Бүгін көкпардан ұлттық құрама мүшелерімен кездестім. Шабандоздарымыз өткен аптада Өзбекстанда ұйымдастырылған халықаралық турнирде топ жарып, бірінші орын иеленген еді. Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен дүбірлі додада ел құрамасы айрықша өнер көрсетіп, финалда алаң иелерін айқын басымдықпен ұтты. Ұлттық спортымыз – көкпар жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Халықаралық деңгейдегі жарқын жетістіктеріміз осының айқын дәлелі. Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғай береді деп кәміл сенемін – деді министр дәурен Әскербекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің көкпар құрама командасы өткен аптада Өзбекстанда ұйымдастырылған халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, 200 млн сом жүлдені қанжығалаған болатын.

ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары