Жамбы ату

МЕРГЕНДЕР ЫСТАМБҰЛҒА АТТАНДЫ

29 мамырда Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында «7-th Conque Cup Fetih Cupasi» атты дәстүрлі садақтан нысана  ату бойынша халықаралық жарыс өткізіледі. Биылғы жылы жетінші мәрте жалауын көтерген осы айтулы бәсекеде бақ сынау үшін біздің елден төрт  мерген Түркияға аттанды.

               «7-th Conque Cup Fetih Cupasi» мергендер бәсекесіне қазақ садақшылары өткен жылдарда да шақырту алған. Алайда, дүниежүзінің бес жүзге жуық сұрмергендері қатысқан жарыста былтырғы жылы жүлделі орыннан көріне алмаған. Биылғы жылғы бәсекеге 52 мемлекеттің 520 мергені қатысуда.

Осы жарысқа Нұр-Сұлтан қаласынан Диас Ахметов пен Ибрагим Али, Алматы қаласынан Мұрат Габдусалимов пен Бахтияр Тұрыспеков есімді дәстүрлі садақ атушы мергендер аттанды. Олар қазіргі кезде Ыстамбұл қаласына жетіп, жарыс алдындағы жаттығуды бастап кетті.

Еске сала кетсек, дәстүрлі садақ атудан шет мемлекеттерде өткен халықаралық жарысқа біздің жігіттердің  белсене қатыса бастағанына бірнеше жыл болды. Бұл ретте, әсіресе, ат үстінен садақ атушы мергендеріміздің жолы болып тұр. Былтырғы жылы ат үстінен садақ атудан Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған Әлем чемпионатында Жамбы атудан ҚР Ұлттық құрама команда мүшелері Абзал Тулыбеков пен Елдос Бадашев жеңімпаз атанып оралды.

Суретте:  Жамбы атудан V рет  өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында бесінші орынды иеленген, дәстүрлі садақ атудан Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыстың чемпионы Ахметов Диас мерген.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары