Құсбегілік

«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

7-10 қараша күндері Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы елдімекенінде ақиық ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы»  атты саятшылықтан халықаралық турнир өтеді.

              ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, Қарағанды облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен,  «TURAN» табиғи минералды су компаниясының қолдауымен өтетін Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы» Халықаралық турниріне бірнеше мемлекеттің командалары қатысады. Қазақстанның өзінен сексенен астам  құсбегі бақ сынамақ. Бүркітті шырғаға түсіру, түлкі мен қоянға салу, қаршыға, сұңқар, ителгімен қоян, кептер ұстау, ителгіні далбайға ойнату және тазы жарысы – «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирінің ең қызықты бәсекелері.

Еске салып өтсек,  2013 жылы Елорда іргесінде бүркітшіліктен І Дүниежүзілік фестиваль ұйымдастырылса, 2017 жылы Көкшетау қаласында Құсбегіліктен І Азия чемпионаты, 2018 жылы Алматыда қаласында Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионаты  өткізілді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы биылғы жылы Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының чемпионатын  ересектер арасында ХІІІ рет, жастар арасында ХІ рет ұйымдастырды. Қазіргі кезде ұлттық спорт жарыстарының барлығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіліп келеді.

 

ТУРНИР БАҒДАРЛАМАСЫ:

08 қараша.

09.00-09.30         Бүркіттердің жарысқа қатысу дайындығын бағалау.

Құсбегілердің ұлттық киім үлгісі, қыран құстарға

қажетті құрал-жабдықтарды  түгендеу.

09.30-12.00                  Бүркіт. Бүркітті қолға шақыру (500 метрден), еркін ұшыру,

шырғаға салу. Спортшы- құсбегі үш жаттығуды бір мезетте

орындайды.

12.00-13.00         Турнирдің салтанатты ашылуы.

13.00-14.30         Түскі үзіліс

14.30-15.00         Қаршыға. Ителгі.

Қаршыға, ителгі құстарының жарысқа қатысу дайындығын

бағалау. Құсбегілердің ұлттық киім үлгісі, қыран құстарға

қажетті құрал- жабдықтарды түгендеу.

15.30-16.30                  Құстарды қолға шақыру (200 метрден),

16.30-17.00         Құмай тазы иттердің асыл тұқымдылығы мен тектілігіне мамандардың баға беруі.

09 қараша.

09.00-13.00                  Бүркіт. Бүркітті қолға шақыру (500 метрден), еркін ұшыру,

шырғаға салу. Спортшы- құсбегі үш жаттығуды бір мезетте

орындайды.

13.00-14.30                  Түскі үзіліс.

14.30-16.00                  Қаршығаны кептерге салу.

Ителгіні далбайда ойнату.

16.00-17.00                  Тазы. Курсинг. Иттерді 350-400 метрге жарыстыру.

10 қараша.

09.00-13.00                  Бүркіт – Финал.

Бүркітті қоянға салу.

Бүркітті түлкіге салу.

13.00-14.30                  Түскі үзіліс.

14.30-15.30                  Қаршыға және Ителгі – Финал

Қаршығаны қоянға салу

Ителгіні кептерге салу

15.30-16.30         Тазы – Финал. Тазылардың иісшілдік қабілетін байқау (жоғары ұпай алған үздік 3 ит қоян, түлкі, борсықты иістері арқылы іздеп табады)

17.00-18.00                            Турнирдің жабылу салтанаты. Марапаттау.

 

Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары