Ел ішінде

Ұлттық спорттағы арулар. Кәусар БАУЫРЖАН

Бүгінде қаршығасын қомдап, ителгісін баптап, қыранын аңға салатын қазақ санаулы.

Кәусар Бауыржан ата-баба кәсібінің қайта түлеп, бекзат өнердің жаңғыруына  тамшыдай болса да үлес қосып жүрген сол санаулы жанның бірі. Тұлымшағы желбіреген нәзік жан құсбегілікті кішкентайынан кәсіп еткен.

Ел чемпионатында 3 мәрте қаршығасының бағын сынап көріпті. Әзірге олжа салмаған. Әйтседе киелі Әулиеата жерінде Ұлттық брендіміздің бірі саятшылық өнерді ұлықтап жүрген аруымыздың болашықтан үміті зор. Бар жоғы 7 сыныпта оқитын Кәусардың болашағынан біз де үміттіміз.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары