Ел ішінде

Ұлттық спорттағы арулар. Гүлдана АЛЫБАЕВА

Жамбы атудан жүлдесіз қайтпай жүрген аруымыз – Гүлдана Алыбаева.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылының тумасы. Бірнеше халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Шапқан аттың үстінде нысананы дөп көздейтін мерген қыздың жасы 20 да.

Көшпенділердің көне өнерін кәсіп еткен аруымыз жамбы атуда жігіттермен қатар шауып, нысана көздеуде талайынан оқ бойы озық шығып жүр.

Гүлдана «әлем мойындаған спортта алар асуым әлі де көп», – дейді. Мақсаты Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел мерейін үстем етіп, қазақ ұлтының құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеу.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары