Ел ішінде

Ұлттық спорт өкілдері мемлекеттік марапаттар алды (ФОТО)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық спорт қауымдастығының бірқатар өкілі мемлекеттік марапаттар мен Президент алғыс хатына ие болды.

Астанада елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болу – зор  қуаныш, үлкен мәртебе, ерекше жауапкершілік. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз. Адамзат абыржыған, дүниенің дидары бұзылыңқырап, алдамшылар алға шығып, популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты абыржымаса керек-ті. Төзбеске төзіп, тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтетін Алаш жұртын алға бастай беріңіз. Мереке құтты болсын, – деді марапаттау рәсімінде Бекболат Тілеухан.

Биылғы жыл – ата-бабамыз армандаған тұғырлы тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы. Ұлық мереке, ордалы той. Осы отыз жылда Қазақстан ел ретінде іргесін бекітіп, мемлекет болып қалыптасудың жаңа бір кезеңіне қадам басты. Елмен бірге ұлттық ойындарымыз да өркендеп өсіп келеді. Дәстүрлі ойындарымыз ұлттық бренд, толыққанды кәсіби спортқа айналды – дейді Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.

Ұлттық спортымыздың жаңғыруын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айрықша назарда ұстап отыр.

Соның бір дәлелі, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлттық спортқа, соның ішінде құсбегілікке еңбегі сіңген 40-қа жуық азамат Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Олардың қатарында Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры, бас хатшысы, ұлттық ат спортынан мемлекеттік жаттықтырушы, көкпар, жамбы ату, бәйге федерацияларының жетекшілері тәрізді функционерлермен бірге құсбегілік өнерінің дәстүрін сақтап, спорт ретінде дамытып жүрген бүркітшілер де бар.

Атап айтқанда, Алматы облысының Бүркітбай Файзуллаұлы, Әбілхақ Тұрлыбайұлы, Бағдатхан Мүптекеқызы бастаған ардагер құсбегілер тобы, Жамбыл облысынан Жапар Тілеужанұлы, Бауыржан Ешметов, Қарағандыдан Мұрат Әбдіразақұлы, Шығыс Қазақстаннан Нуман Қайдарұлы, Атыраудан Абдулкәрім Құрманғалиұлы тәрізді дәстүрлі спорт, ұлттық өнердің өкілдері ие болды.

2021 жыл – тұғырлы тәуелсіздігіміздің отыз жылдық белесі. Егемендік жылдары қуатты Қазақстанмен бірге, ұлттық спортымыз да кең қанат жайды. Дәстүрлі ойындарымыз халықаралық спорт деңгейіне көтерілді. Ұлттық ойындарымыздың мәдени мұра ретінде сақталып, бұқаралық спортқа айналып, кеңінен насихатталуына белсенді атсалысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Ат үстінде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың текті жолын жалғастыру жолында абырой тілеймін – делінген ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауында.

Алғыс хатты Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы бастап, өңір-өңірде Қарағанды, Алматы, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы әкімдері өздері арнайы табыстады.

Ел президентіне ұлттық спортқа қолдау білдіріп, алғысын айтып, өз кітабын тарту еткені үшін ұлттық спорт қоғамдастығы атынан ризашылығымызды білдіреміз. Тәубелі тәуелсіздігіміз, бейбіт әрі берекелі еліміздің мерейлі мерекесі баршамызға құтты болсын! – дейді Рахат Жақсыбай.

Сонымен марапат иелеріне келер болсақ:

«Парасат» орденімен

Сатыбалды Қайрат Сатыбалдыұлы – Ұлттық спорт қауымдастығының Құрметті президенті

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті.

«Ерен Еңбегі үшін» медалі

Момынов Нұрдәулет Нәбиұлы – «Әулие ата» көкпар командасының жетекшісі.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі

Ғани Ахметбаев – Түркістан облысы Ұлттық спорт мектебінің директоры, «Құлагер» көкпар командасының жетекшісі

Аманжол Хасенов – Атбегі, ұлттық дәрежедегі спорт төрешісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. Имашев Мұхтар Есенбекұлы – Ұлттық спорт меценаты, республикалық «Көкпар федерациясы» президенті
  2. Құрамаев Қуанышбек Мәшірұлы – Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы
  3. Өсербаев Мұрат Кеңесұлы – Республикалық «Бәйге» федерациясының вице-президенті, атбегі
  4. Сейсембек Асхат Рашидұлы – Спорт қоры атқарушы директоры
  5. Рамазанова Қарлығаш Әсетқызы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы менеждері
  6. Аметов Нұрлан Хасенұлы – Ұлттық спорт меценаты, Республикалық «Жамбы ату» федерациясының президенті
  7. Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бас хатшысы
  8. Ерғалиев Самат Серікқанұлы – Ұлттық спорт жанашыры, ҚР МСМ Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасы
  9. Хасенов Аманжол Амандықұлы – Атбегі, ұлттық дәрежедегі спорт төрешісі
  10. Есжан Мұрат Нұрәкімұлы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз хатшысы, «Ұлттық спорт» деректі фильмдер топтамасының авторы
  11. Тұрлыбаев Әбілхақ – Ардагер-бүркітші
  12. Бүркітбай Файзуллаұлы – Ардагер-бүркітші
  13. Бағдатхан Мүптекеқызы – «Қыран» федерациясы атқарушы директоры, ардагер-бүркітші
  14. Жақсыбай Рахат Жақсыбайұлы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атқарушы директоры
  15. Бейсеев Жансерік Берікқазыұлы – Ұлттық спорт қауымдастығы менеджері
  16. Сатылғанов Жапар Тілеужанұлы – Ардагер-бүркітші
  17. Ешметов Бауыржан – Бүркітші
  18. Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы – Ардагер-бүркітші
  19. Кушкаров Абдулкәрім Құрманғалиұлы – Ардагер-бүркітші
  20. Молдабаев Жұқай – Ардагер-бүркітші
  21. Авсалам Жайсанбайұлы – Ардагер-бүркітші
  22. Мұрат Әбдіразақұлы – Ардагер-бүркітші
  23. Земблевский Владимир Николаевич – Бүркітші
  24. Исабеков Мұхамед Баетбайұлы – Ардагер-бүркітші
  25. Маметов Жүніс Тоқтасынұлы – Ардагер-бүркітші
  26. Дулат Маратұлы – Бүркітші, Құсбегіліктен бас төреші
  27. Базарбек Күнтуғанұлы – Бүркітші, құсбегіліктен аға жаттықтырушы
  28. Тасыбаев Иманзайып Матанұлы – Ардагер-бүркітші
  29. Тастанбек Үмітханұлы – Ардагер-бүркітші
  30. Шалипов Алдаберген Зейнелұлы – Ардагер-бүркітші
  31. Нуман Қайдарұлы – Ардагер-бүркітші
  32. Қойшин Марат Молдашұлы – Ардагер-бүркітші
  33. Түсей Әбдікерімұлы – Ардагер-бүркітші
  34. Ұзақов Ахмет Чакенұлы – Ардагер-бүркітші
  35. Әбікен Қалелұлы – Бүркітші
  36. Тәлімбек Айсабекұлы – Ардагер-бүркітші
  37. Бұрымбет Нұрданханұлы – Ардагер-бүркітші
  38. Әзен Шаймарданұлы – Бүркітші
  39. Серікбаева Динара Баетбайқызы – Бүркітші, «Жеті қазына» мұражайының директоры
  40. Байбөриев Нұркен Манапұлы – Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы
  41. Өнербаев Нұрлан Әлтайұлы – «Қыран» қоғамдық қорының құрметті президенті

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары