ҰЛТТЫҚ САДАҚ АТУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

 

Елордалықтарға ұлттық садақ атып үйренудің зор мүмкіндігі туып тұр. Егер сіз астаналық болсаңыз, дәстүрлі садақ атуды тез меңгергіңіз келсе онда ойланбастан мына курсқа қатысыңыз. Жуырда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Юнус Емре қорының бірлескен жобасымен  дәстүрлі садақ ату курсы ашылды.

 

Бабалардан мирас болған ұлттық садақ атуды үйрену – Сіздің қаныңызда бар мергендік қабілетіңізді ашады, алдағы жылдарда ұлттық садақ атудан ұйымдастырылатын республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Ендеше тезірек, төмендегі телефон нөміріне хабарласып, курсқа қатысушылар қатарын толықтырыңыз. 1-10 қараша аралығында 8 777 533 91 30 телефоны арқылы курсқа жазылуыңызға болады.  Курсқа жасы 18 асқан қыз-жігіттердің барлығы қатыса алады. Анықтағыңыз келген қосымша мәліметтерді де осы телефон нөмірі арқылы ала аласыз.

Курс аяқталған соң, қатысушылар арасында өтетін турнир жеңімпаздары (1ер/1әйел)  2019 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады.

Жебесі жерге түспеген мергендер қатарынан көрінуге Сіз  де  ұмтылып көріңіз! Мүмкін  «Ши үстінен шіркей атқан» даңқты сұрмергеннің бірі Сіз боларсыз!?

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары