ҰЛТТЫҚ САДАҚ АТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

 

Елордадағы «Алатау» спорт кешенінде кеше ұлттық садақ атуды үйрететін курстың салтанатты ашылуы болып өтті. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Юнус Эмре» мәдени қорының бірлескен жобасымен  ашылған бұл дәстүрлі садақ ату курсына 50-ден астам жастар қатысуда.

           Астанадағы «Юнус Эмре» Түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы Исина Алмагүл ханымның  айтуынша бұл биылғы жылғы ашылған курстың екінші кезеңі екен. Алғашқы курс шәкірттері мамыр айында сабақтарын тәмамдап, курсішілік жарыста үздік  шыққандар Түркияда өткен ұлттық садақ ату жарысына қатысып, қосымша дәріс алып келген. Қазіргі кезде өткен курстың үздік бір шәкірті осы садақ ату курсының ұстазы атанып, жаңа келушілерді садақ атуға   үйретуді бастап кеткен.

Суретте: Астанадағы «Юнус Эмре» Түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы Исина Алмагүл ханым

Салтанатты жиынды жүргізген Исина Алмагүл ханым: ««Юнус Эмре» Түрік мәдени орталығы мен Түркиядағы садақшылар қоры және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған осы  ұлттық садақ ату курсына хош келдіңіздер. Негізінде, ұлттық садақ ату Түркияда өте қатты дамыған. 250 мың шамасындағы адам осы спорт түрімен шұғылданады екен. Түркияда ұлттық садақ атудан жиырмадан астам клуб бар. Жарыстар жиі ұйымдастырылады.

Ал, біздің осы курсымыз 12 ақпанға дейін өтеді. Сейсенбі және бейсенбі күндері. Аптасына үш сағат. Барлығы 36 сағаттан тұрады. Сіздерге дәріс беретін үш ұстазымыз бар. Олар: Әлібек Каримов, Айнаш Мұқанова және Ынтымақ Шыңғысбай. Үшеуі де Түркиядағы арнайы мектептен сабақ алып келді.

Курс соңында Сіздердің араларыңызда арнайы жарыс өтеді. Жеңімпаздардан 1 ер, 1 қыз бала Түркияда өтетін үлкен жарысқа жолама алады. Мысал үшін айтып өтейін, өткен курсаралық жарыста Әлия Бекен қыздар арасында 1 орын, Әлібек Каримов жігіттер арасында 1 орын алып, жазда Түркиядағы жарысқа қатысып келді. Сіздерге де осындай сәттілік тілеймін» деп садақ ату курсы туралы ақпараттарды айтып өтті.

Ұстаздардың курс шәкірттеріне қойылатын талаптар және ұлттық садақты жалпы  таныстыру  туралы қысқаша нұсқаулықтарынан соң ұлттық садақ атудың алғашқы дәрістері басталып кетті.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары