Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/vhosts/etnosport.kz/ethnosport.kz/wp-content/themes/ethnosport/single.php on line 19

КСРО ЧЕМПИОНАТЫНДА АТ СПОРТЫНЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БОЛДЫ?

Суретте: 1977 жылы Бішкекте өткен Бүкілодақтық ат спорты ойындарына қатысушы Өзбекстан көкпар құрама командасы.

 

Сонымен, кезінде КСРО чемпионатына теңестірілген, ресми атауы «Колхоз, совхоз және жылқы зауыдтары шабандоздарының Бүкілодақтық жарысы» деп аталған әйгілі бәсекенің 1984-1990 жылдарда жарық көрген бағдарламасын тағы бір парақтап көрелік. Әрқайсысы отызшақты беттен тұратын бұл көне кітапшалардағы құнды деректің бірі – көптеген ат спорты ойындарының атаулары мен ойнау ережелері. Бәйгенің бірнеше түрі бар. Біз бүгін бәйге түрлерінен бұрын ат үстіндегі командалық ойындар жайлы қызықты мәліметтерді оқырман назарына ұсынамыз. Бүкілодақтық жарыс туралы білетінімізден білмейтініміз көп екен… 

 

 

Иә, оқырманды жалықтырмас үшін біз бүгін тек 1984 жыл және 1986 жыл бағдарламаларындағы ойын түрлерін жарияладық. Бұл тұста, КСРО чемпионатында тек осы командалар ғана жарысқа қатысқан екен деген ой тумаса керек. Ол кезеңде бірнеше күндік жарыстың әр күніне жеке бағдарлама жасалған. Біздің қолымызға әр жылдың тек 1 күнінің ғана бағдарламасы түсті. Қалған 7-8 күннің бағдарламасындағы жарыс кестелері жоқ. Ойын түрлерінің аз көрінуіне басты себеп осы.

Бұйыртса, алдағы күндерде өзге чемпионаттардың бағдарламаларындағы қызықты тұстарды жариялайтын боламыз.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

Қауымдастықтың желідегі парақшалары