КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ РЕСМИ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 14 ақпанда Астанада Халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының Конгресі өтті. Жиынға 9 елдің (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Мажарстан) өкілдері қатысты. Алдын ала шақыру жіберілгеніне қарамастан, Қырғызстанның «Көк Бөрү» федерация өкілдері қатысқан жоқ. Жиында халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының халықаралық көкпар/көкбөрү спортының жаңа ережесі қаралып, бекітілді. Конгресте 9 елдің 8 өкілі жаңа ережені қолдап дауыс беріп, бір ел қалыс қалды.

Бұл кейбір БАҚ-та жарияланып жатқан Қырғызстан «Көк Бөрү» федерациясының президенті Ж.Саматов хабарлағандай Түркі халықтарының дәстүрлі ойындары халықаралық қауымдастығының шешімі емес. Халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының шешімі. Демократиялық қағидаларға сәйкес, көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылданып, хаттамаға қол қойылды. Сондықтан аталған шешім Қазақстанның емес, Конгреске қатысушылардың басым бөлігінің (9/8) ортақ шешімі.

Сондай-ақ, Ж.Саматовтың: «Көкпар ассоциациясына мүше болған өкілдерге 50 мың доллар қаржы бөлінеді», – деген мәлімдемесін ресми түрде жоққа шығарамыз және оның осы пікірін БАҚ-та жария түрде терістеуін талап етеміз.

Астана, 20 ақпан

Ұлттық спорт Қауымдастығы,

ОФИЦИАЛЬНОЕ ЗАЯВЛЕНИЕ 

 

14 февраля 2019 года в г. Астана состоялся очередной Конгресс Международной федерации «Кок Бору». На этом собрании приняли участие представители 9 стран (Республика Казахстан, Республика Турция, Республика Узбекистан, Российская Федерация, Китайская Народная Республика, Монголия, Исламская Республика Афганистан, Республика Таджикистан, Венгрия). Представители федерации «Кок Бору» Кыргызской Республики, несмотря на предварительное приглашение, на этом заседании не участвовали. На Конгрессе были рассмотрены и утверждены в новой редакции правила игры в Кокпар/Кок бору Международной федерации «Кок Бору». В поддержку измененных правил проголосовали 8 из 9 представителей стран-участниц, представитель одной страны воздержался.

Данное решение является решением Международной федерации «Кок Бору», а не решенеим Международной Ассоциации традиционных видов спорта тюркских народов, как это через некоторые средства массовой информации преподносит президент федерации «Кок Бору» Кыргызской Республики господин Ж.Саматов. Данное протокольное решение было принято согласно демократичным принципам, по результатам общего голосования. Поэтому это решение не Казахстана, это общее решение подавляющего большинства участников (9/8) Конгресса.

Вместе с этим мы официально даем опровержение заявлению господина Ж. Саматова о том, что всем членам Всемирной Ассоциации Кокпар выделяются денежные средства в размере 50 000 долларов, считаем это заявление ложным и дискредитирующим членов Ассоциации, а также настоятельно требуем официального опровержения даной информации через средства массовой информации.

 

Астана, 20 февраль

Ассоциация национальных видов спорта

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары