КӨКПАРДЫҢ ЕРЕЖЕСІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

Ташкентте ІІ Әлем чемпионатын Өзбекстанда өткізуге арналған халықаралық жиынның аяқталғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Енді сол жиында талқыланған мәселелер мен қабылданған шешім жөнінде оқырмандарымызды қысқа да болса хабардар етуді жөн көрдік.

       Әлеуметтік желідегі «Ташкентте көкпар ережесі бекітілді» деген тақырыппен қырғыз тілінде тараған ақпараттың ұлттық спортымызды қолдаған қалың жанкүйерді қатты алаңдатқаны анық. Ал, ақиқатына келсек, Ташкенттегі Конгресте ешқандай көкпар ережесі бекітілген жоқ. Ойын ережесі туралы біршама талқылау жасалғаны рас. Бірақ,  халықаралық ойын ережесін бекіту – бұл жиынның күн тәртібіне  енгізілмеген. Сөйтіп, бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта арнайы жиын өткізуге шешім қабылданды.

Бұйыртса, көкпардан ІІ Әлем чемпионатының ережесін нақтылауға арналған Конгресс ақпан-наурыз айларында Астанада өтеді.

Ташкенттегі Конгресске қатысушылардың бірауыздан дауыс беріп, хаттамасына тіркелген бес шешімнің бірі осы. Ал, Ташкенттегі жиынның толық қабылдаған шешімдері туралы нақты мәліметтер Өзбекстан «Улак-купкари» федерациясының президенті Бахром Гафуров мырза баяндаған төмендегі бейнежазбада айтылады.

  Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары