Алматы облысы Қарасай ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды.
Кеше жеребе тарту рәсімі өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда өзара бақ сынайды. Ойын топтық ережемен өтеді.
10 қарашаға дейін жалғасатын дүбірлі додада 90-нан астам жасөспірім өнер көрсетеді.
Алғашқы күні, яғни 4 қараша күні алаңға І топтағы Қарағанды облысы мен Алматы қаласы, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы өзара мықтыны анықтаса, ІІ топта Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысы және Атырау облысы – Шымкент қаласы құрамалары өзара мықтыны анықтады.
Сонымен алғашқы күннің қорытындысы бойынша:
Қарағанды облысы – Алматы қаласы – 1:8
Түркістан облысы – Қызылорда облысы – 11:0
Шығыс Қазақстан облысы – Алматы облысы – 1:9
Атырау облысы – Шымкент қаласы – 0:8
Ертең көкпардан топтық кезең ойындары жалғасатын болады.
Қауымдастықтың бас серіктесі – «Samruk Kazyna» әл-ауқат қоры және серіктесі – Sport Qory.