ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭТНОСПОРТ ФОРУМЫ

20-21 сәуірде Алматы қаласында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» атты ІІ Халықаралық этноспорт форумы өтеді.

              ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматыдағы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде өтетін   ІІ Халықаралық этноспорт форумына әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегациялары шақырылған.    Бірқатар мемлекеттің спорт министрлігі басшылары, ұлттық спорт саласының майталмандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер, спортшылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысады. Екі күнге жоспарланған форумда Дәстүрлі ойындар мен спорттарды әлемде дамытудың ең өзекті мәселелері талқыланады. Нақтырақ айтсақ, «Дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы, мемлекеттік мекемелерді осы салаларға тарту жолдары», «Орта Азия елдері үшін ат спорты мен дәстүрлі ойындардың маңызы. Атқа міну мәдениеті», «Дәстүрлі спорт түрлеріндегі ережелерді стандарттаудың кешенді тәсілдері»,  «Қазақстанда өтетін  І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын ұйымдастыру жоспары», «2020 жылы Түркияда өтетін ІV Көшпенділер ойындарын жетілдіру мәселелері» сияқты тақырыптар ортаға салынады. Дүниежүзілік этноспорт саласының білікті мамандары арасында құрылатын диалогтары тыңдалады.

ІІ Халықаралық этноспорт форумының жоғары дейгейде  өтуіне  Алматы қаласы әкімдігі,  Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) қолдау білдіруде. Ал, халықаралық шараның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары