Бүгін Құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионатының жүлделері 10 мемлекет спортшыларының арасында сарапқа салынады. Қазіргі кезде чемпионаттың іріктеу бәсекесі басталып кетті. Бүркіт, қаршыға, ителгі жарыстары жеке-жеке өткізілмек. Бірінші күнгі жарыстың қорытынды нәтижелерін қосымша жариялайтын боламыз. Назарларыңызға алғашқы күнгі жарысқа қатысушылардың фотосуреттерін ұсындық.
Құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионатының салтанатты ашылуы мен жеңімпаздарды марапаттау 2 желтоқсан күні өтеді.
Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионатының
БАҒДАРЛАМАСЫ
30 қараша
10.00-10.30 Дайындық кезеңі.
10.30-11.00 Құсбегілердің жарысқа қатысу дайындығын сынау.
11.00-14.00 Іріктеу жарысы. 1) Қыран құстарды қолға шақыру. 2) Еркін ұшыру.
14.00-15.00 Түскі үзіліс
15.00-17.00. Іріктеу жарысының жалғасы
1. Бүркітті шырғаға салу.
2. Сұңқарларды далбайға шақыру
17.00-17.30 Жарысты қорытындылау.
1 желтоқсан
10.00-13.00 Жартылай финал. Еркін аң аулау. Бүркітті қоянға салу.
13.00-14.00 Түскі үзіліс.
14.00-15.00 Аңшылыққа қажетті құрал- жабдықтардың көрмесі.
15.00-16.00 Қаршыға, сұңқарларды кептерге, қырғауылға салу.
16.00-16.30 Жарысты қорытындылау.
2 желтоқсан. ФИНАЛ.
10.00- 10.30. Чемпионаттың Салтанатты ашылуы.
10.30-11.20 Еркін аң аулау. Бүркітті түлкіге салу.
Қаршыға, сұңқарларды қоянға салу.
11.20-12.00 Жарысты қорытындылау. Чемпионаттың салтанатты жабылуы.
Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионатының мекенжайы: Алматы қаласының Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында («Промзона» аймағында).
Төлеген ЖӘКІТАЙ