І АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

Бүгін ұлттық спорттан Жастар арасындағы  І Азия чемпионатының  алғашқы жеребесі тартылды. Мандат комиссиясы отырысының шешімімен алғашқы ретте көкпар командалары арасындағы кездесулер жеребе бойынша анықталды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай, І Азия чемпионатының бас төрешісі, ҚР Ұлттық құрама командалар жаттықтырушысы  Қуанышбек Құрамаев, Қауымдастықтың бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов мандат комиссиясы отырысында қатысушы командаларға жалпы ойын ережелері туралы, чемпионат барысында команда жетекшілері мен спортшылардың ескеруі тиіс мәселелер төңірегінде толыққанды айтып өтті. Жастар арасындағы чемпионатта халықаралық ережеге сәйкес серке-муляждың салмағы 25 келі мен 30 келі аралығында болады.

   І Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның Жастар Ұлттық құрама командасы 

І Азия чемпионатына қатысатын  Өзбекстанның Жастар Ұлттық құрама командасы 

І Азия чемпионатына қатысатын  Монғолияның Жастар Ұлттық құрама командасы

І Азия чемпионатына қатысатын  Тәжікстанның Жастар Ұлттық құрама командасы

  І Азия чемпионатына қатысатын  Қытай Халық Республикасының Жастар Ұлттық құрама командасы

Тұңғыш чемпионатта көкпар спорты бойынша 7 команда бақ сынайды.   Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия және Ауғанстан спортшылары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Командалар А және Б тобына бөлінді. Жеребе бойынша А тобында Монғолия, Тәжікстан, Қытай, Ресей командалары, ал, Б тобында Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан командалары ойнайды.

Ертең тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының алғашқы бәсекесі Монғолия мен Тәжікстан, екінші бәсекесі Қытай мен Ресей командаларының арасында өтеді. Үшінші кездесуге Қазақстан мен Өзбекстан командалары шығады.

Жастар арасындағы І Азия чемпионатының салтанатты ашылуы  12-30-да басталады.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары