І АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Жастар Ұлттық құрама командалары І Азия чемпионатына даярлық үшін 1 сәуірде Тараз қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады.   Қазіргі кезде оқу-жаттығу жиыны аяқталуға таяу қалды. Негізгі іріктеулер жасалып, І Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды. Бүгін біз жанкүйерге Аударыспақ,  Жамбы ату және Теңге ілу командаларындағы спортшылардың есімдерін таныстырмақпыз.  

Еске салып өтсек, аталмыш бәсекеде Қазақстан, Ауғанстан, Монғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Венгрия, Түркия, Малайзия спортшылары Ұлттық спорттан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Сонымен, 16 сәуірде Алматы қаласының іргесінде тұңғыш рет ту көтеретін І Азия чемпионатында бақ сынау оқу-жаттығу жиынына қатысқан жастар арасынан кімдерге бұйырды? Таныс болыңыздар, І Азия чемпионатына Қазақстанның Теңге ілу, Жамбы ату және Аударыспақ командалары төмендегідей құрамда жасақталды.

ҚР Жамбы ату командаларының мүшелері:

  1. Бабажан  Бақдәулет (Жамбыл облысы)
  2. Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)
  3. Жақсыбек Бекзат (Түркістан облысы)

 

ҚР Теңге ілу командасының мүшелері:

  1. Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)
  2. Елжанов Нұрхан  (Ақтөбе  облысы)

ҚР Аударыспақ командасының мүшелері:

  1. Аманжол Нұрбек – 50 келі салмақта (Қарағанды облысы)
  2. Құралбай Ермек – 60 келі салмақта (Түркістан облысы)
  3. Иманғазыұлы Нармағанбет – 70 келі салмақта (Батыс Қазақстан облысы)
  4. Ағабек Ғабит – 80 келі салмақта  (Түркістан облысы)
  5. Жаналин Әділжан – + 80 келі салмақта  (Ақтөбе облысы)

І Азия чемпионатында алты күн бойы бәсекеге түсетін көкпардан Қазақстан жастар Ұлттық құрама команда мүшелерін таныстыруды алдағы күндердің еншісіне қалдырдық. Бапкерлердің пікіріне қарағанда, ересектер командасымен терезесі тең ойнайтын Жастар көкпар құрамасы І Азия чемпионатының бас жүлдесін қанжығаға байлауы әбден мүмкін. Көкпардан ҚР жастар құрама командсының  капитаны болып ҚР спорт шебері, ересектер арасында Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, ІІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ең үздік көкпаршысы атанған Құрманбек Тұрғанбек сайланды.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары