Ел ішінде

Францияның «Les films de la découverte» компаниясы еліміздегі құсбегілік туралы фильм түсіреді

Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай мен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, Құсбегілік федерациясы президенті Берік Уәли кездесті.
Кездесу барысында 2022 жылғы ұлттық спорт – құсбегілік бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды.

Биылғы жарыстардың шымылдығы ақпан айы басында Павлодарда өтетін жастар арасындағы XIV құсбегілік чемпионатымен ашылып, ақпан соңы Қызылордада ересектер арасындағы чемпионатпен жалғасын таппақ – дейді ҰСҚ атқарушы директоры.
Сонымен қатар ол,  Францияның «Les films de la découverte» компаниясы «Орталық Азия ойындары» жобасы аясында Қазақстанға келіп, деректі сериал циклінің бір бөлімін құсбегілікке арнамауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бұйырса, шығармашылық топ наурыз айында елге келуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ биылғы жылдың спорттық күнтізбесінде Әлем Кубогі, Түркияда өтетін Көшпенділер ойындары сияқты халықаралық жарыстар да бар – деді Рахат Жақсыбай.
Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі
Қауымдастықтың желідегі парақшалары