Көкпар

ФЕСТИВАЛЬ БӘСЕКЕСІН КӨКПАРШЫЛАР БАСТАДЫ

Ақтөбе қаласында кеше басталған Ұлттық спорт фестивалінің алғашқы күндері жанкүйерлер көкпар додасын тамашалауда. Еліміздің 12 көкпар командасы  V фестиваль жүлдесін сарапқа салуды бастап кетті.

V фестивальға Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысуда. Бұл он екі команда төрт топқа бөлінген. «А» тобында –  Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай командалары; «В» тобында – Қызылорда, Түркістан және Нұр-Сұлтан қаласының командалары; «С» тобында – Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан командалары; «Д» тобында – Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе командалары.

Көкпаршылардың алғашқы  іріктеу ойындары Ақтөбе қаласының іргесіндегі атшабарда кеше басталды. Жарыстың Бас төрешісі – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момынов, Бас хатшысы – ҚР Ұлттық дәрежедегі төреші Гүлнар Базарханова.

18 қазан күнгі көкпар ойыны:

Батыс Қазақстан обл. – Қостанай обл.. Есеп – 1:6

Нұр-Сұлтан қ. –  Қызылорда обл.  Есеп – 6:1

Солтүстік Қазақстан обл. – Шығыс Қазақстан обл. Есеп – 4:0

Қарағанды обл. – Ақтөбе обл. Есеп – 0:5

19 қазан күнгі көкпар ойыны:

Батыс Қазақстан обл. – Жамбыл обл. Есеп – 1:11

Түркістан обл. – Қызылорда обл.  Есеп – 3:0

Шығыс Қазақстан обл. – Маңғыстау обл. Есеп – 3:4

Қарағанды обл. – Ақмола обл. Есеп – 0:3

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары