Жамбы ату мен Теңге ілуден ел чемпионаты өтеді

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазанат» ипподромында 3 маусымнан бастап, екі апта бойы Жамбы ату және теңге ілуден ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысады.

Жамбы атудан ел чемпионаты корей, түрік және қазақ стильдері бойынша өтеді.

Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты, іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады.

Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде тағайындаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Жарыстың ашылу салтанаты Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, 4 маусым күні 10:00-де басталады.

Сондай-ақ, ашылу салтанаты аясында төрт қашықтықта (тай, құнан, кіші аламан, аламан) бәйге жарысы болады.

Жарыс кестесіне сәйкес,  жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусымда, жастар чемпионаты 9-13 маусымда, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымда өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімі: 4 маусым, 10:00, Нұр-Сұлтан қ., Қазанат ипподромы 

ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары