Көкпар

ЕЛІШІЛІК ЧЕМПИОНАТТАҒЫ КӨКПАР ДОДАСЫ

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Тараз қаласында Қазақстан чемпионатының алғашқы ойындары басталды. Бәсекені бастаған көкпар командалары.

         Кешегі өткен мандаттық комиссиядағы жеребе бойынша ҚР чемпионатына қатысушы 15 команда төрт топқа бөлінген-ді. Атап айтқанда, А тобында –  Ақтөбе, Түркістан, Нұр-Сұлтан қаласы және Шығыс Қазақстан облысының командалары, В тобында – Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облысының командалары, С тобында – Алматы қаласы, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысының командалары, Д тобында – Қарағанды, Ақмола, Павлодар облысының командалары ойнайды. Өткен жылы да Қазақстан чемпионатынан тыс қалған Алматы облысының командасы биылғы чемпионатқа да қатыспады. Сондай-ақ, елішілік басты жарысқа алғаш рет жеке қатысады деп күтілген Шымкент қаласының командасы да Таразға келмей қалды.  Бағдарламаға сәйкес алғашқы күнгі ойын кестесі төмендегідей:

1 ойын Ақтөбе обл. – Түркістан обл. 9.00 – 10.00
2 ойын Нұр-Сұлтан қ. – ШҚО 10.00 – 11.00
3 ойын БҚО – Атырау обл. 11.00 – 12.00
4 ойын Қызылорда обл. – Маңғыстау обл. 12.00 – 13. 00
5 ойын Алматы қ. – Қостанай обл. 14.00 – 15.00
6 ойын Жамбыл обл. – СҚО 15.00 – 16.00
7 ойын Қарағанды обл. – Ақмола обл. 16.00 – 17.00

***

ЕЛІШІЛІК ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСАТЫН 15 КОМАНДА СПОРТШЫЛАРЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР

 

Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы:

1- Нұрлан Додай, мінген аты – Аргон

2- Қанат Тұрсынбаев – Мақпалқара

3- Сұлтанбек Байсейтов – Алтынторы

4- Қанат Мырзабек – Ақжал

5-Алтай Сүйеубаев – Найзағай

6- Бердіғали Жәкішев – Торы-чим

7- Борис Карашинов – Тоңыздық

8- Нұрберген Кенжеболатов – Жамбылторы

9- Сағадат Кулекенов – Шымкүрең

10-Қайрат Рамазан – Ботакөз

11- Нұрлан Бейсембаев – Тайбурыл

12-Елдос Өркен – Дәуқара

 

Түркістан облысының «Құлагер» командасы:

1- Бақтыбай Шырынқұлов, мінген аты – Алашын

2- Дәулет Айтан – Миллион қара

3- Әділет Мамыт – Ақмолақара

4- Нүркен Омаров – Ақ жамбас

5- Абылайхан Нышанбаев – Комиссар

6- Нұржігіт Мырзабеков – Қаршыға

7- Асланбек Сайдулла – Сұркөжек

8- Темірхан Айтбаев – Найза

9- Әбуғали Әбдіжаппаров – Намыскөк

10- Мейрбек Болысбек – Ақжал

11- Жорабек Ақбаев – Ақбақай

12- Бәйдібек Сабыров – Самал

 

Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы:

1- Қазыбек Амангелдинов, мінген аты – Жирен

2-  Азамат Хасенов – Заңғар KZ

3-  Нұрболат Қартқожақ – Ұлар

4- Владимир Киль – Асар

5-  Серікбол Айболұлы – Қарасай

6-  Шадияр Құлымбет – Сәнқой

7-  Ерлан Қанапин – Бурабай

8-  Аслан Қабжанов – Заңғар

9-  Данияр Оспанов – Нұркөк

10-  Әлижан Хаттабосынов – Орлик

11-  Елжас Есенгелді – Алмаз

12-  Елдос Байғазиев – Сусамыр

 

Шығыс Қазақстан облысының командасы:

1-  Артур Бикинин, мінген аты – Бесқасқа

2-  Тимур Ендоянов – Жирен

4-  Әлішер Ермаханбетов – Абрек

5-   Дарын Ахмадиев  – Бүркіт

6- Дархан Камалиев – Найза

7- Қанат Жайжатыров – Гром

8- Жарқын Жанбуршин – Жұлдыз

9-  Мақсат Аринов – Месси

10-  Досым Мусин  – Көкқасқа

11-  Елдос Абсалямов – Еркежирен

12-  Ерқайрат Беткенов – Дауыл

Батыс Қазақстан облысының командасы:

1-  Бақытжан Дәуренбеков, мінген аты – Байторы

2-  Бағдәулет Сейдәлиев – Темучин

3-  Ерлан Саев – Арғымақ

4-  Нұрсұлтан Тілегенов – Сары

5-   Мұхит Әмірәлиев  – Тұмар

6- Жарас Құралас – Дончак

7-  Самат Тельман – Жаппар

8-  Абылай Сейдезбай – Нұрсары

9- Амангелді Қалиакберов – Найзағай

10-  Мұратбек Балиабеков  – Қалмақторы

11-  Бекнұр Әбдірахманов – Нұрсары

12-  Рахметолла Темірбеков – Көктопай

Атырау облысының командасы:

1- Нұрлыхан Ұлықпанов, мінген аты – Мизам

2-  Ынтымақ Әліпбаев – Сарыгүл

3-  Бақытжан Әзімбай – Боран

4-  Жомарт Сансызбай – Жебе

5-   Эльдар Жиенқұлов  – Сиякөк

6-  Айбек Болат – Нарынкөк

7-  Ұлан Байтөриев – Мерке жирен

8-  Қайыржан Сүлейменов – Сары бақ

9-  Алмат Жүнісов – Найман күрең

10- Александр Пупенко  – Бүркіт торы

11-  Жасұлан Айтбай – Сүлікқара

12- Нұржан Ерехан – Жайық қасқа

 

Қызылорда облысының командасы:

1-  Қанат Абылбеков, мінген аты – Бақторы

2-  Асхат Мырзағалиев  – Қаршыға

3-  Жарқынбек Жұмабек – Масаты

4-  Алтай Қонқаев – Бесқасқа

5-   Нұрлан Жүсіпов  – Аққоян

6-  Серікхан Ережеп – Торытөбел

7- Пазылхан Өміртай – Тұмар

8-  Наурызқожа Әмзиев – Найза

9- Ақжан Ташжан – Сүлікқара

10- Нұржан Құмарбеков  – Құлагер

11-  Абылайхан Қалмағамбетұлы – Сайрам

12-  Нұрлыбек Асқаров – Құрма

 

Маңғыстау облысы командасы:

1-  Ербол Ермағамбетов, мінген аты – Сайхан

2-Руслан Дүйсенбай – Оди

3- Әнес Етреков – Жалқасқа

4-Шынболат Ақбаев – Көкдауыл

5-  Еркебұлан Абдуманапов – Зиза қасқа

6- Сейділла Дәулет – Жирен қасқа

7- Тиллабек Сүлейменов – Марал қасқа

8- Алмасбек Кеңегес – Күрең

9-Бақдәулет Ерімбетов – Пиле

10 -Жасұлан Қуанышұлы  – Араб қасқа

11- Баян Қилыбай – Маңғыстау

12-Асанбай Нұрманов – Ханзада

Алматы қаласының командасы:

1- Асқар Оңғарбаев, мінген аты – Тараз қасқа

2- Елдос Тілебалдиев – Таймас

3-Арман Жамалбеков – Қырғиқасқа

4- Мадияр Тұрдыбай – Эльбрус

5- Ақтілек Әбсаматев – Нексия

6-Тахир Жұмашев – Амантай

7-Түймебек Жұмалиев – Астанакөк

8- Айтбек Нартай – Сейдуллакөк

9- Абай Ережеп – Құлагер

10- Омархан Есімхан – Байторы

11-Нұрсұлтан Молберген – Тау шауқар

12-Айдос Ерген – Құлсары

 

Қостанай облысының командасы:

1- Алдияр Байтасов, мінген аты – Миллион

2-Қамбаржан Дайыров – Барон

3- Қобыланды Дайыров – Айбат

4- Қуаныш Жұмабаев – Қасқыр

5-Оралхан Сұлтан – Арман қара

6-Бақдәулет Асанов – Инкасатор

7- Санжар Төребек – Көк ат

8- Дархан Қасқырбай – Ракета

9- Абылайхан Жүрсін – Қаршыға

10- Берік Бекуыс – Торы

11-Рыскелді Байтасов – Шұбар

12-Ерсұлтан Салхан – Жақсылық

 

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы:

1-Есжан Құрманбай, мінген аты – Құлагер

2- Атамекен Рүстемов – Ардакүрең

3-Манарбек Дүйсенбиев – Байтөбел

4-Ернат Мәлімбай – Барыс

5-  Жұлдызхан Тайырбеков – Топайкөк

6- Құлажан Тоғайбаев – Нұрқасқа

7- Болатбек Әлімбетов – Алға

8-Ернар Жарылқасын – Бүркіт

9- Ислам Рәт – Қордай

10-Жантөре Әбдәлі  – Нарқасқа

11- Бағылан Ширимбаев – Ноян

12-Құрманбек Тұрғанбек – Абырой

 

Солтүстік Қазақстан облысының командасы:

1- Еркебұлан Дүйсекеев, мінген аты – Қасқалдақ

2-Бейбіт Амангелдиев – Сибақ

3- Руслан Смағұлов – Ханторы

4- Бауыржан Ризахан – Алқалы

5- Қуаныш Рысмағамбетов – Көксерек

6-Өктем Ташматов – Қарагер

7- Данияр Ғалинұров – Арғымақ

8- Алмас Зайдуллин – Айқасқа

9-Нұрсұлтан Әбесов – Хан

10-Ринат Ибрагимов – Монгол

11- Вадим Любарский – Алатау

12- Самат Көпбосын – Колчак

Қарағанды облысының командасы:
1- Ерлан Оспанов, мінген аты – БТР
2- Ерғанат Әдиханов – Красавчик
3-Жандос Басаринов – Ақтабан
4-Ерғанат Молдабек – Сарыарқа
5- Марғұлан Исақ – Найзағай
6- Данияр Көшенов – Сұңқар
7- Мирзо Сыздықов – Тарлан
8- Нұрдәулет Жолтай – Көкше
9- Владислав Мишин – Тұмар
10- Тілеухан Нұрхан – Ұшқын
11-Рүстем Қайратов – Жезкиік
12- Жұмат Құнанбаев – Ераман

Ақмола облысының командасы:
1- Манас Мұхамедқали, мінген аты – Еліккөк
2- Абылайхан Тоқабаев – Сұлтан
3- Әлихан Қалыбаев – Сұңқар
4-Айдын Қарбаев – Сұлтан
5- Дәуренбек Ноябьр – Сүлікқара
6- Бекнұр Қиқу – Торықасқа
7-Бекзат Темірбек – Мұсқат
8- Абзал Ахмедия – Бүркіт
9- Жандос Қалымбаев – Құлагер
10- Кенжебек Еслямов – Қызылбас
11- Азамат Қадыров – Сарышаян
12- Бекзат Тоқабаев – Боран

Павлодар облысының «Сәтті» командасы:

1. Ержан Тосжанов, мінген аты – Еркеторы

2- Фархат Мухитов – Желторы

3-Ардақ Жақыпов – Айқасқа

4- Мадияр Бағлан – Айшуақ

5- Дархан Елібаев – Ақтанау

6- Төрехан Амангелді – Диқан

7- Құдайберген Тұрғынбаев – Лашын

8-Асылбек Бақберген – Нарқасқа

9-Мақсат Тайшыбаев – Хан

10- Айдар Бақытжанов – Ақбақай

11-Жасұлан Рустамбек – Шағыр

12- Айтмұхамет Қожанов – Нарын

         Сонымен, Тараз қаласының іргесіндегі ипподромда көкпар додасы басталды. Алғашқы күні жеті ойын тамашаланды. Жанкүйер назарына бүгінгі ойындағы кездесулердің қорытынды нәтижелерін ұсынамыз.

Алғашқы кездесуде Түркістанның «Құлагер» командасы  Ақтөбенің «Әлімата» командасын айқын басымдылықпен ұтты.  Есеп – 16:2. Құрамында Азия мен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанған  Бақтыбай Шырынқұлов, Сайдулла Асланбек, Нұржігіт Мырзабаев, Темірхан Айтбаев, Абылайхан Нышанбеков қатарлы тәжірибелі ойыншылары бар «Құлагер» командасының екпініне ақтөбелік көкпаршылар еш төтеп бере алмады. «Әлімата» командасының шабуылшылары Өркен Елдос пен Нұрлан Бисембаев қана салым салса, «Құлагер» командасының шабуылшылары Мамыт Әділет 3 салым, Асланбек Сайдулла 3 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров 4 салым, Жорабек Ақбаев 2 салым және Айтан Дәулет, Нұржігіт Мырзабаев, Мейірбек Болысбек, Бәйдібек Сабыровтар бір-бір салымнан салып, ұпай санын 16-ға жеткізді.

Екінші кездесу Нұр-Сұлтан қаласының командасы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары арасында өтті. Ойын шеберліктері деңгейлес саналатын қос команда арасындағы бәсеке тартысты өтті деп бағаланды. Ойын алғашқыда тең аяқталды. Есеп – 3:3. Қосымша берілген уақытта да бір-біріне дес бермеген көкпаршылар 4:4 есебімен он минутты өткізді. Нәтижесінде ойын – 5:4 есебімен шығысқазақстандықтардың пайдасына шешілді.

Бүгінгі  күннің үшінші ойынына Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының командалары шықты. Батыс Қазақстан облысының командасымен салыстырғанда Атырау облысының командасында тәжірибелі көкпаршылар қатары қалың. Сондықтан болар, бұл кездесуде атыраулықтар жеңіске талассыз жетті. Есеп 13:2.

Сондай-ақ, бүгінгі бәсекеде Қызылорда командасы Маңғыстау облысынан (Есеп-5:4), Қостанай командасы Алматы қаласынан (Есеп-7:5), Ақмола облысы Қарағанды облысы командасынан (Есеп-8:1) басым түсті. Павлодар облысының командасы алаңға ертеңгі күнгі шығатын болды.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары