Көкпар

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН  ЖАСТАР КОМАНДАСЫ

 

 Тұңғыш ұйымдастырылған Жастар арасындағы Азия чемпионатына өтінім берген мемлекеттер қатары онға жуықтады. Қазіргі кезде Қытай, Венгрия, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері спортшыларының жарысқа қатысатын тізімі анықталды. Сондай-ақ, чемпионатта Малайзия, Түркия спортшылары да бақ сынауы мүмкін.

 Аталмыш бәсеке 16 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ту көтереді. Оннан астам мемлекет командалары апта бойы  І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Чемпионаттың басталуына санаулы ғана күндер қалды. Біздің жоспарда  барлық ел командасы спортшыларын жанкүйермен алдын-ала таныстыру бар.

Бұған дейін Қазақстанның Жамбы ату, Теңге ілу, Аударыспақ құрама командаларындағы спортшылар тізімін назарларыңызға ұсындық. Енді бүгін чемпионатта командалық көкпардан ел намысын қорғайтын жас көкпаршыларымызды жанкүйерге таныстырмақпыз. Сонымен, көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасы сапында кімдер бар?

КӨКПАРДАН ҚР ҰЛТТЫҚ ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

 

 

Құрманбек ТҰРҒАНБЕК (команда капитаны) –  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанған  «Әулие-Ата» командасының ойыншысы. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың төл шәкірті. Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері». ҚР Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі. Көкпардан  жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының  5 дүркін  жеңімпазы (2013, 2014,2017, 2018, 2019).  Көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының  жеңімпазы (2016 жыл).  Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивальдің жеңімпазы (2018 жыл). Дүниежүзілік ІІІ Көшпенділер ойындарында «Ең үздік көкпаршы» атағын иеленген  (2018 жыл).

Жарылқасын Ернар (Жамбыл облысы)

    

 Мәлімбай Ернат (Жамбыл облысы)

Камелхан Ернұр (Жамбыл облысы)

Серікжан Бақдәулет (Алматы облысы)

Мамыт Әділет (Түркістан облысы)

Әбдірахман Асхат (Түркістан облысы)

Асқаров Нұрлыбек (Қызылорда облысы)

Айтбай Жасұлан (Атырау облысы)

Әзімбаев Ерсұлтан (Жамбыл облысы)

Төлеп Нұрислам (Түркістан облысы)

Қарқабат Бекзат (Түркістан облысы)

КӨКПАРДАН ҚР ҰЛТТЫҚ ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ:

Атамекен Рүстемов – команданың аға жаттықтырушысы

Нұржігіт Мырзабаев – команда жаттықтырушысы 

 Құрманбай Есжан – команда жаттықтырушысы

Ұлттық спорт ақпараты 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары